«Алтын белгі» төсбелгісін алу талаптары күшейеді
ҚР Білім және ғылым министрі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.
Осыған дейін хабарлағандай, бұйрықта «Алтын белгі» төсбелгісін алу талаптары айтарлықтай күшейтілген. Талаптарды күшейту туралы шешім мұғалімдердің 2021 жылғы тамыз кеңесінде қабылданған болатын.
«Келесі жылдан бастап 9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11-сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша «үздік» деген баға алған оқушылар «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер бола алады.
Сондай-ақ талапкерлер НЗМ базасында математикадан емтихан тапсыруы керек. Бұл шара академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын түсіну маңызды. Бұл ретте НЗМ-де емтихан тапсыратындарға да, жалпы білім беретін мектеп базасында тапсыратындарға да тапсырмалар бірдей болады.
Былтыр мектеп бітірушілер рекордтық «Алтын белгі» алды. Кейбіреулері ҰБТ нәтижесі бойынша төмен балл алды.Осыған байланысты үміткерлерді үздік белгісіне объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өтеді.
Биыл мектеп бітірушілер емтиханды өз мектебінде тапсырады. Сондай-ақ белгіден бас тарту туралы өтініштер жарамсыз. Талаптарға сай келетін үміткерлер белгіленген тәртіпте қорытынды аттестациядан өтеді.
Айтпақшы, нормалар келесі жылдан бастап күшіне енгенімен, биыл ҰБТ қорытындысы бойынша үздік белгісін берудің объективтілігі бағаланады.
Осыған байланысты мектеп әкімшілігі, Білім басқармалары мен бөлімдері қорытынды емтихандарының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір жағдай бойынша ҰБТ нәтижелерінің қорытындыларына талдау жүргізіледі” деп жазды министр.
Бұйрықтың мәтіні ҚР Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін жарияланады.