Бау-бақша баптап, құс өсірген
«Жұмыс жоқ» деп жатып алған адамның ауызына ешкім ас салмайды. Әрекетке – берекет. Қолың қимылдаса, аузың қимылдайды. Береке мен бақыт – оңай олжа мен баянсыз байлықта емес, маңдайыңның тері сіңген адал аста. Оған Нұрлыбектің ауласына кіргенде көзіңізді жеткізе түсесіз. Нұрлыбек Жүсіпов – мемлекет асырасын деп шалқайып жатып алмай, өзіне сеніп, тер төгіп, еңбек қылып, тырбанып тіршілік істеп жатқан жастың бірі.
Көктем шыққаннан Жер ананың жомарттығынан үмітті жандар бақша дақылдарының тұқым, көшетін іздейді. Тіпті көбі облыс орталығына дейін сабылады. Ал Нұрлыбек болса, жылда қыстың соңын ала ауласындағы аядай ғана жылыжайында қызанақтың 6 сұрпын және баклажан, ащы бұрыш, дүнген бұрышы, болгарь бұрышын өсіріп отыр. Әбден құнарланған топыраққа тамыр байлап, көктейтін көшеттерді мерзімі толғанда далаға шығарып, бірлейді және әр түбін мұқият қағазға орап, сатуға шығарады. Тапсырыс көп секілді.
– Маңдайың терлемей, таңдайың жібімейді. Қандай жетістік те, нәтиже де еңбекпен келеді. Иә, білемін, қазір жұмыссыз адам көп. Бірақ сол жұмыссыздық мәселесі көбіне жалқаулықтан туындап жататын секілді меніңше. Әсіресе кейбір жастар қол еңбегімен айналысқысы келмейді.
Мен қандай жұмыс бастасам да соңына дейін апаруға тырысамын. Нәтижесін көргім келеді. Еңбегіңнің жемісін көргенде ғана алға талпынасың. Мен бірнеше жылдан бері өз ауламда кәсіп істеп келемін. Жер тар. Алайда көзін тапсаң, ерінбесең, сол тоқымдай аумақты кәдеге жаратуға болады екен. Мәселен, ауламдағы өзім жасаған жылыжайдың аумағы – небары 12 шаршы метр. Оны қыстың соңын ала іске қосамын. Шеңгел түбінен алынған топырақты өңдеп, тыңайтып, майда дақылдар егемін. Іші темір пеш арқылы жылытылады. 18-25 градус жылылықта еккен тұқымдар көктеп, көтеріледі. Ылғалын сақтауда тамшылатып суару әдісін қолданамын. Көктемде нарық бағасымен (40-50 теңге) базарға шығарамын. Арнайы тапсырыс берушілер де көп. Тіпті көрші аудандардан да келіп алып кетеді немесе өзім жеткізіп беремін. Қазір көшеттер жылыжайдан шықты. Жәшіктерге бөлектеп салып қойдым. Қызанақтың «Волгоградский», «Розовый слон», «Дулька», «Таня», «Японские сердечко», «Черный принц» сияқты етті әрі дәмді алты сұрпы бар. Сонымен бірге баклажанның «алмаз» сұрпын, больгар бұрышының «ласточка» деп аталатын сұрпын және ащы бұрыш пен дүнген бұрышын өсіремін. Бұлардың да көшеттері қазірде сатылымға шықты, – дейді Нұрлыбек Жүсіпов.
Мемлекеттен қаражат алмай-ақ қолындағы барды ұқсатып отырған жас кәсіпкер шұбалшын құрттарын да асырап отыр екен. Алматы облысының Қаскелең қаласынан арнайы тапсырыспен алдырыпты. Бұл да қазірде өз алдына бір кәсіптің түріне айналған. Бірақ Нұрлыбек шұбалшынды сатып пайда көру үшін емес, ауласындағы топырақты құнарландыру үшін асырап отырған көрінеді. Бұл туралы кәсіп иесі былай дейді:
– Жылыжайдың топырағы құнарлы болуы керек. Олай болмаған жағдайда еккен тұқымың өнім бермейді. Біздің жердің топырағы сапасыз, сорланып кеткен. Сондықтан оны өңдеуден өткізіп отыруға тура келеді. Мәселен, мен бір маусымда сырттан бір көлік шеңгелдің топырағын 300-400 мың теңгеге түсіремін. Бұл – шағын кәсіп үшін үлкен шығын. Мен топырақтың құнарын арттыруда осы калифорниялық шұбалшын құртын пайдаланамын. Алматы облысынан арнайы алдырып, асырап жатырмын. Алдымен қорадан шыққан малдың қи-көңін зәрінен бөліп, әбден тазартамын. Олай етпесе, құрттар өліп қалады. Тазаланған көңді шұбалшын жеп, қара құнарлы топыраққа айналдырады. Яғни органикалық тыңайтқыш. Қазірде 10 мың шұбалшын құрты бар. Жылына олар 40-50 есеге дейін көбейеді.
Нұрлыбек тек бақша дақылдарының көшетін ғана өсіріп отырған жоқ. Ресейдің Мәскеу қаласынан қаздың, үйректің, тауықтың жұмыртқасын тапсырыспен алдырып, етті әрі жұмыртқаны көп беретін үй құстарының тұқымын көбейтіп, сатып отыр. Атап айтсақ, «Линда» деп аталатын қаз тұқымының жұмыртқасын 600-700 теңгеден, «Башқұрттық» деп аталатын үйрек тұқымының жұмыртқасын 300-350 теңгеден және «Күміс түсті Адлер» деп аталатын тауық тұқымының жұмыртқасын 380 теңгеден алдырады екен. Инкубатор аппаратын да өзі қолдан құрастырыпты. Бір ерекшелігі, бұлар селекциялық жолмен өсірілген екен. Сондықтан арнайы аппаратта өсіп-жетілсе де әу бастағы тегін сақтайтын көрінеді.
Қазірде Нұрлыбектің ауласына кірсеңіз, шиқылдаған балапандардың дауысы құлақ тұндырады. Қаздың балапаны 1 500, үйректің балапаны 700-800, ал тауықтың балапаны 600-700 теңгеден сатылып жатыр екен. Демек, Нұрлыбек тек бақша дақылдарының көшетін және үй құстарының еті мен жұмыртқасын ғана сатып отырған жоқ, аудан халқын, әсіресе талапты жастарды кәсіп істеуге қызықтырып, ынталандырып отыр. Жасыратыны жоқ, көп үйлердің ауласы жаз бойы тақырланып, шаңы шығып жатады. Ал Нұрлыбектің есігінің алдында бос жатқан жер жоқ. Алақандай жерді де пайдаланып, кәдеге жаратып отыр.
Өзінің айтуынша, Нұрлыбектің әкесі бағбан болыпты. Әкеден көп нәрсе үйренгенін ауласындағы жайқалып тұрған бау-бақшадан аңғаруға болады. Венгер алмасы, шабдалы, сары өрік, қара өрік, шие және жүзімнің бірнеше сұрпы өсіп тұр. Одан бөлек шымқай қара құнарлы топырақта картоп, қызанақ, қияр, аскөк, қызылша, қырыққабат, бұрыш және басқа да көкөністер мен дақылдар қос құлақтанып, аз күнде өркен жайғалы тұр.
Міне, осы жұмыстардың барлығына Нұрлыбек бір өзі үлгереді. Әрине айтар ауызға оңай болғанымен, бұл нәтижелі жұмыс тынымсыз еңбек пен бейнетті қажет етеді. Еңбек еткен адамның ауласы берекелі, үйі көрікті, көңілі де тоқ болады.
– Мен бос отыра алмаймын. Он екі мүшесі сау адамның еңбек етуге талпынғаны абзал. Әрекет қылған адамға ғана бақ береді. Сосын еңбек етіп, адалдан пайда табамын деген адам ел асып жұмыс іздеп сабылмай, өз ауласынан-ақ нәпақасын өндіруге болады ғой. Жаратушы әр адамның несібесін өзімен бірге алып жүруге жазып қойған. Тек біз сол айналамыздағы несібемізді алуға құлықсызбыз, еңбек етуге ерінеміз. Бұл жерге барлығын да өсіруге болады. Тек топырағын тоздырып алмай, химиялық тыңайтқыштарсыз-ақ табиғи тәсілмен уақытылы құнарландырып отыру керек. Алдағы уақытта осы кәсібімді кеңейтіп, құлпынай өсірсем деген жоспарым бар. Өйткені біздің ауданымызда құлпынай өсірілмейді, сырттан келеді. Сондықтан бағасы да қымбат. Міне, мен осы жидекті тың тәсілдер арқылы топырағымызға жерсіндіріп, сырттан әкеліп сататындарға бәсекелес болғым келеді. Сонда бағасы да арзандар еді. Бірақ оған қомақты қаржы мен жер керек, – дейді кәсіпкер.
Осы орайда біз ынталы топқа мемлекет тарапынан кәсіпкерлік мақсатта қайтарымсыз қаражат берілетінін Нұрлыбектің ойына салдық. Енді бұны аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі ескерсе игі.

Қуат Ахетов