» » Естімедік демеңдер. Оқушы ҰБТ-дан төмен балл алса, директор кетеді - министр

Естімедік демеңдер. Оқушы ҰБТ-дан төмен балл алса, директор кетеді - министр

Дважды могут сдать ЕНТ казахстанские школьники, чтобы поступить на грант ─  NewTimes.kzБілім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеуде нашар нәтиже көрсеткен "Алтын белгіге" үміткер үшін кімдер жауап беретінін айтты.

Бұл туралы министрліктің аппарат жиналысында мәлім болды, деп хабарлайды Экспресс К.

"Алтын белгіге" үміткер оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру нәтижесіне талдау жасалады. Бұл іске ұлттық тестілеу орталығы жауапты. Егер "Алтын белгіге" үмітті оқушы ҰБТ-дан төмен балл алса, онда мектеп басшылығын жауапкершілікке тартамыз, — деді Асхат Аймағамбетов.

Ол кейін естімедік, білмедік деген әңгіме болмасын деді. Сол себепті білім басқармалары мен бөлімдерінің басшыларына тапсырма берді.

Ертеңгі күні естімедік, білмедік деген әңгіме болмасын. Бұл мәселе бойынша мектептің басшылығы тікелей жауапкершілікке тартылады. Тіпті, қажет болса, жұмыстан шығарамыз. Соған дайын болыңыздар, — деді министр.

18 мамыр 2022 ж. 323 0