» » РЕФОРМАНЫҢ ЕКІНШІ БАҒЫТЫНДА НЕ ҚАМТЫЛАДЫ?

РЕФОРМАНЫҢ ЕКІНШІ БАҒЫТЫНДА НЕ ҚАМТЫЛАДЫ?

Маусым айында өтетін Конституциялық реформа 5 бағыттан тұрады. Алдын ала Ата Заңға енгізілетін өзгерістер 5 бағыт бойынша топталып, ел арасында арнайы құрылған штаб мүшелерінің мұрындық болуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Конституциялық реформаның екінші бағытында биліктің бірқатар өкілеттілігін қайта бөлу қарастырылады. Бұл дегеніңіз Сенаттағы Президент квотасының саны 15-тен 10 депутатқа дейін азаяды. Оның 5-еуін Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұсынады. Екіншіден Президент Конституциялық Кеңестің және Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағалары лауазымына ұсынылатын кандидаттарды Сенатпен келіседі. Бұл бағыттың аясында жүзеге асатын тағы бір ауқымды жұмыс Конституциялық Соттың құрылуы болмақ. Ал бұл Конституциялық Сот 11 соттан құралады. Қазіргімен салыстырғанда 4 адамға көбеймек. Сонымен бірге республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып өзгереді. Оның төрағасы жылына екі рет мәділіс депутаттары алдында есеп береді. Бұл өз кезегінде депутаттардың бюджетті бақылауға қатысты құзыретін кеңейтеді.
19 мамыр 2022 ж. 572 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 203

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031