Кенжеғара Сүлейменов, Қоғамдық штаб төрағасы: Жалпыхалықтық референдумның мемлекет болашағы үшін маңызы зор
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеуінде 5 маусымда жалпыхалықтық референдум өтетінін айтып, оның ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталған. Содан бері елде «Алдағы айдың басында өтетін саяси науқанда Ата заңымызға қандай өзгерістер енеді?» деген сауал көп айтылып та жүр. Жалағаш ауданында да референдумның маңыздылығын насихаттауға бағытталған қоғамдық штаб құрылып, елді мекендерде әр сала қызметкерлері, халық арасында түсіндірме жұмыстарын бастап кетті. Түсіндірме жұмыстарының бірінде саяси науқанның маңыздылығын кеңінен тарқатқан аудандық қоғамдық штаб төрағасы Кенжеғара Сүлейменовпен сұхбаттасқан болатынбыз.
– Аға, бағана алдағы айда өтетін саяси науқанға қатысты халықпен кездесуде тұщымды ой айттыңыз, әңгімемізді сол жалпыхалықтық референдумның маңыздылығынан бастасақ. Жалпы бұл саяси науқан халық үшін қаншалықты пайдалы?
– Оның маңызын кеңінен түсіндіру үшін алдымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауына шегініс жасаған дұрыс. Саяси құжатта Қасым-Жомарт Тоқаев саяси жаңғыру туралы ауқымды бағдарлама ұсынды. Жолдауда айтылған бастамалардың мақсаты саяси жүйемізге түбегейлі өзгеріс енгізуді көздейді. Оның шындығында халықтың талап-тілегінен туындап отырғанын мойындауымыз керек. Себебі қазір бәрі де мемлекетті басқару ісіне қатысуға үлкен мүмкіндік берілгенін қалайды. Өйткені саяси үдерісті түбегейлі демократияландыру қажет. Ал оны жүзеге асыру үшін бірінші кезекте Ата заңымызға өзгерістер енгізген дұрыс. Мұны Президент де түсініп отыр. Кешегі Үндеуде жалпыхалықтық референдум өткізу мәселесін көтеруі де сондықтан. Біз қазір конституциялық реформаның шешуші кезеңіне қадам басып отырмыз. Енді Ата заңды өзгертуіміз керек. Өйткені оның ел тағдыры үшін айрықша мәні бар.
– Жалпыхалықтық референдумда Ата заңға қандай өзгерістер енгізіледі? Қазір халықтың көкейінде жүрген сауал да осы...
– Ата заң баптарының үштен бірі өзгереді. Яғни Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Президенттің республикалық референдум өткізу туралы бастама көтеруі де сондықтан. Ондай ауқымды өзгеріс халықтың шешімімен жүзеге асырылғаны дұрыс. Міне, алдағы саяси науқанның маңызы да осында. Бұған дейінгі Ата заңымызға қатысты өткен референдумдар тарихына шолу жасайықшы. Бұған дейін Конституцияға енгізілген өзгерістер тек Парламентте талқыланатын. Тұтас ұлттың тағдырына қатысты шешімді халықтың талқысына салу – үлкен көрегендік. Міне, Президентіміз осындай қадамға барып отыр. Алдағы референдум мемлекет болашағын айқындайды. Сондықтан алдымызда дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесімізді қосу міндеті тұр.
– Конституциялық реформаның бағыты не?
– Ол барлық мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге бағытталған. Яғни суперпрезиденттік басқару үлгісінен ықпалды Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға толыққанды көшуді көздейді. Кеше Мемлекет басшысы Конституциялық реформаның биліктің өкілді тармағын айтарлықтай күшейтетінін айтты. Енді мәслихаттардың ықпалы артады. Мәжіліс пен облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлаудың аралас моделінің енгізілуі сайлаушылардың пікірлерін барынша толық қамтуға мүмкіндік береді. Тағы бір құптарлық бастама аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесі толық енгізіледі екен. Бұл өңірлердің тыныс-тіршілігіне азаматтардың ықпал ету мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік туып отыр деген сөз.
– Сіздің ойыңызша қазіргі қоғамға мұндай ауқымды өзгеріс қажет, солай ғой...
– Қателесіз, бұл менің ғана қалауым емес, барша отандасымыз жалпыхалықтық референдум болғанын қалайды. Мұндай үлкен шешімнің халықтың талап-тілегінен туындап отырғанын Президенттің өзі де айтты емес пе? Сондықтан конституциялық түзетулер жобасы халықтың сұранысына негізделіп отыр. Яғни ол қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылады. Кеше аудандық газеттен Мемлекеттік хатшының осы саяси науқанға қатысты үлкен мақаласын оқып шықтым. Сонда Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын тәжірибелі заңгер-құқықтанушылар және конституциялық құқық саласының мамандары әзірлегені жазылған. Тіпті оған Конституциялық Кеңес де жоғары баға беріпті. Ал «Осындай бірнеше сүзгіден өткен үлкен құжат қазіргі қоғамға керек пе, керек емес пе?» деген сауал артық сияқты.
– Бұл референдумда қандай өзгерістер қамтылады?
– Біріншіден, Суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға толық көшеміз. Екіншіден, бірқатар билік өкілеттігі қайта бөлінеді. Үшіншіден, Парламенттің рөлі күшейіп, мәртебесі артады. Сондай-ақ елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігі артады. Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдері толығады. Мен қазіргі қазақ қоғамына да қажеті осы деп ойлаймын. Сондықтан оған дауыс беріп, Қазақстанның болашағын жарқын ету аға буынға да, орта буынға да, жас буынға да азаматтық міндет деп ойлаймын.
– Жаңа сіз айтып өткен Суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға толық көшуде не ұтамыз?
– Бұл сауалыңызға жауап берер алдында Президенттің мемлекет басқару ісіндегі рөліне тоқталайық. Президент бірінші кезекте барлық азаматқа тең мүмкіндік берілуін қамтамасыз етуі тиіс. Міне, осы ретте Конституцияның 43-бабына 4-тармақ қосылады. Онда «Президенттің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға қақысы жоқ» деп жазылған. Сондай-ақ Ата заңымыздың 43-бабына 3-тармақ қосылады. Онда Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауы тиіс екені жазылған. Бұл шектеу Конституциялық Соттың, Жоғарғы Соттың және өзге де соттардың төрағалары мен судьяларына, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелеріне де ортақ. Нәтижесінде саяси бәсеке артып, барлық саяси партияны дамытуға тең жағдай қалыптасары сөзсіз. Яғни әділ шешім қабылдауға мүмкіндік туады.
Тағы бір айта кететін жайт, Тұңғыш Президенттің Президент лауазымына қатарынан екі реттен көп сайлануына мүмкіндік беретін, оның мәртебесі мен өкілеттіктері Конституциямен және конституциялық заңмен айқындалатын 46-баптың 4-тармағы Ата Заңнан алынады. Мұнан бөлек Конституцияның 91-бабынан Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы деген мәртебесі туралы норма да алынады. Енді референдумда тиісті аумақтағы ахуалға жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару өкілеттігі кеңейеді.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерінің құзыретке ие болу тәртібіне де айтарлықтай өзгеріс енеді. Яғни енді оларды Президент облыс аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихат депутаттарының келісімімен тағайындайды. Демек алдағы уақытта жергілікті мәслихаттардың рөлі артады. Ал ол жергілікті мәслихат депутаттарын халық сайлайтынын жақсы білесіз. Айналып келгенде, барлық шешім халықтың келісімімен жүзеге асады.
– Аға, жаңа сіз айтып өткен бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерінің толығуы да елге қажет дүниелер екенін біз жақсы білеміз. Қазір отандастарды осылардың ішінде елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейтуге қатысты өзгеріс қызықтырады. Яғни елді басқару ісінде халыққа қандай мүмкіндіктер беріледі?
– Бағана жоғарыда облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің құзыретке ие болу тәртібіне өзгеріс енетінін айтып өттім. Енді Президент оларды облыс аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалардың мәслихат депутаттарының келісімімен тағайындайды. Ал ол депутаттарды халық сайлайды. Халық сенімін арқалаған депутаттар бұған қатысты шешім қабылдарда арқасында елдің жүгі тұрғанын сезініп, халықтың қажетіне жұмыс жасайтын азаматқа дауыс береді деп ойлаймын.
– Сөз соңында халыққа, жалағаштықтарға айтарыңыз...
– Құрметті қазақстандықтар, құрметті жалағаштықтар, тұтас елдің келешегі үшін алдағы айдың басында өтетін жалпыхалықтық референдумның маңызы зор. Тәуелсіз һәм егемен елде өмір сүріп отырғандықтан мемлекеттің болашағы ешқайсымызды бей-жай қалдырмайтыны тағы да анық. Сондықтан алдағы жалпыхалықтық референдумға қатысып, дауыс беруіміз керек. Бұл саяси науқанда әрбір қазақстандықтың дауысы маңызы. Осыны қаперден шығармайық.
– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Ерлан Созақбаев