» » Қызылордада көлік қаққан 10 жасар қыздың туыстары әділдікті талап етуде

Қызылордада көлік қаққан 10 жасар қыздың туыстары әділдікті талап етуде


Қызылорда қаласында 10 жасар қызды көлік қағып, ауруханаға түсті. Жасөспірімнің туыстары көлік жүргізушісінің құзырлы органдарда қолдаушылары бар екенін айтып, жазадан сытылып кететініне алаңдаулы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқыс жағдай кешкі уақытта қала орталығында орын алды. Автокөлік жүргізушісі оқиға болған жерде жарақат алған қызды көлігімен емдеу мекемесіне жеткізген.

«Жол-көлік оқиғасы Жеңіс көшесі бойында орын алған. Ол жерде арнайы бейне камералар орнатылмаған, жол белгілері де жоқ. Куәгерлер көліктің қатты жылдамдықпен келгенін айтады. Сіңлімнің жағдайы өте ауыр. Оған көп күтім мен екі жылға жуық оңалту қажет. Оның үстіне жүргізуші оны ауруханаға өз көлігімен жеткізген екен. Зардап шеккен адамды дәрігер, мамандар орынынан қозғауы керек еді ғой», – дейді жапа шеккен жасөспірімнің әпкесі Салтанат Құрманқұлова.

Бүгінде 10 жасар Назым Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алуда. Басына күрделі ота жасалды. Қатты соққының салдарынан қыздың өкпесіне зақым келген. Жасөспірім көп қан жоғалтқан, арнайы құрылғы арқылы тамақтанады. Оқу озатының алдағы уақытта денсаулығының қандай болатындығы әзірге беймәлім.

»Біз әділдікті талап етеміз. Құқық қорғау органдары «денсаулыққа орташа деңгейдегі зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғап, тергеу жүргізуде. Назымның денсаулығына ауыр деңгейде залал келген. Жүгіріп ойнап жүрген қыз еді, бүгінде осындай жағдайға түсті. Оның үстіне жүргізушінің облыстық полиция департаментінде жақын туыстары бар екенін естідік. Тіпті жол апаты туралы әлеуметтік желіге видео жүктеген кісіге де қысым көрсетіліп жатыр екен. Бұл барып тұрған бассыздық қой», – деп ашынады Салтанат.

Жауапты мамандар өз кезегінде қазір қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеуден өтіп жатқанын айтады. Қызылорда облыстық полиция департаментінің қызметкерлері заң аясында әрекет ететіндерін жеткізді.

«Аталмыш жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 1 тармағына бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жол-көлік оқиғасын жасаған азамат анықталды, көлігі айыппұл алаңына қамалды. Тергеуге байланысты басқа мәліметтер жариялануға жатпайды», – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
25 мамыр 2022 ж. 58 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930