» » «Қазақстан – достық мекені»

«Қазақстан – достық мекені»


«Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей, берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасы. Ұлтаралық татулықтың арқасында бүгінде елімізде жыл сайын 1 мамыр халықтар бірлігі күні тойлануда, осы мереке қарсаңында «Күн шуақ» бөбекжайында қызметкерлер арасында «Қазақстан-достық шаңырағы» атты іс-шара өткізілді. Бөбекжай қызметкерлері түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, әндерін шырқап, билерін билеп, салт-дәстүрлерінен көріністер қойып, ұлттық тағамдарын әзірледі. Сонымен қатар, бөбекжай тәрбиеленушілері де өз өнерлерін ортаға салды. Бөбекжай меңгерушісі Есқазиева Жанат мерекемен құттықтап, шараға қатысқан қызметкерлерді марапаттады.

Гүлфарида АҚБЕРГЕНОВА,
«Күншуақ» бөбекжайының музыка жетекшісі.
29 сәуір 2018 ж. 1 274 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031