Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті
Кеше Жалағаш ауданындағы барлық білім ошақтарында Халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұрпақ – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау, оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы, мектептердегі қорғаншылық кеңестердің қызметі, отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту барысы кеңінен сөз алды. Мектепке келген әрбір ата-ана балаларының сыныптарын аралап, сынып жетекшілермен, мұғалімдермен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, пікірлесулеріне жағдай жасалды.