» » АЛҒАШҚЫ АЛТЫ АЙДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

АЛҒАШҚЫ АЛТЫ АЙДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ


«Нұр Отан» партиясы аудандық фи­лиа­лын­­да Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Бас­қосуда күн тәртібіндегі үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін арнайы орындар белгілеу және тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау сияқты екі мәселе оң шешімін тауып, Мырзабай, Аққыр ауылдық округі әкімдерінің алғашқы 6 айда атқарған жұмыстары пысық­талды.
Мырзабайда биыл ауыл әкімі аппараты­ ғи­маратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ауылда қазіргі таңда ауыз су құ­рылысы қарқынды жүруде. Аз уақыт ішінде жер­гілікті тұрғындар сапалы ауыз сумен толық қамтылады. Мұнан бөлек елді мекендегі жа­ғым­ды жаңалықтардың бірі – мемлекеттік жеке әріптестік аясында дәрігерлік амбула­тория құрылысының іргесі қалануы. Бүгінде бой көтеретін жаңа нысанға тиісті жер учаскесі рә­сімделіп, жобалық-сметалық құжаттар әзір­ленді. Тамыз айында құрылысы басталатын ғимарат жергілікті тұрғындардың игілігіне айналары сөзсіз.
Елді мекенде жалпы бірқатар сала бойынша ілгерілеушілік басым. Кәсіпке бет бұрған өңір тұрғындары аталған саланың ілгерілеуіне айтарлықтай өз үлестерін қосуда. Қазірдің өзінде мұнда 54 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасайды. Шағын кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысу мақсатында өткен жылы ауылда «Табыс» кооперативі құрылған болатын. Бастапқыда 160-қа жуық ірі қара малын бордақылаған кооператив бүгінде 20-ға жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.
Жалпы елді мекенде кәсіпкерліктің қанат жаюына барлық жағдай жасалған. Әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұр­ғындар кәсіптік оқудан өз шеберліктерін жетілдіріп, іс бастауға құлшынып отыр. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша тұрғындар тарапынан 7 жоба ұсынылып, бүгінде оның 3-еуі қолдау тапты. Өңірде жастар практикасымен – 2, әлеуметтік жұмыс орындарында – 6, қоғамдық жұмыс орындарында 22 адам жұмысқа тартылды. Ал, ауылда жүріп жатқан ауызсу құрылысында 12 адам уақытша жұмысқа орналасқан. Басқосуда басқа да салалар бойынша атқарылған жұмыстарды кеңінен тарқатқан ауыл әкімі алдағы жоспарымен де бөлісті.
200-ге жуық отбасы түтін түтетіп отырған Аққыр ауылында да жағымды жаңалықтар жоқ емес. Тұрғындардың негізгі тіршілік көзі ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланысты болғандықтан халық та бұл саланы ілгерілетуде табанды еңбек етуде. Соңғы жылдары мұнда мемлекеттің және жеке азаматтардың қолдауымен мал басы саны артып, оларды асылдандыру жұмыстары жолға қойылған. Барлық бағыт бойынша жасалған жұмыстарды сөз еткен ауыл әкімі тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бастысы екенін жасырмады. Бүгінде көшеден берілетін су колонкалары саны – 14. Ауыз су құбырын қайта жаңғырту мақсатында жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сарапта­мадан өткізілген. Ауызсу құбырлары же­лі­лерін қайта жаңғырту жұмыстарына ел қазынасынан 100 млн және облыс тай­қазанынан 11 млн 111 мың теңге қаржы бөлінген. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылса, бұл мәселенің де өз шешімін табатыны сөзсіз. Мұнан бөлек «Оңтүстік коллектор» көпірін қайта жаңғырту жұ­мыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірленген болатын. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар басталып кетті.
Аққырда орталық көшелерді жарық­тандыру жұмыстары да бір жолға қо­йылған. Өңірдегі Н.Таспенов көшесі және М.Ахметов көшелеріне жарық жүргізуге сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті жұ­мыстар жүргізілген. Жалпы бұл ауылда же­­тістіктер де, әлі де шешімін таппаған мә­селелер де жоқ емес. Әсіресе жергілікті тұрғындарды аяқсу мәселесі алаңдатады. Бұл тұрғыда ауыл әкімі тиісті жұмыстарды қолға алып жатқанын жеткізді.
Қоғамдық кеңесте аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасыры Гүлсім Каюпова 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданның денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, қызмет сапасын арттыру, алғашқы ме­дициналық көмекті жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстарды кеңінен тарқатты. Баяндамашының сөзінше қазіргі таңда аудан халқына аудандық орталық аурухана, 4 ауылдық аурухана, 1 аудандық емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік және 3 медициналық бекет қызмет көрсетеді. Алғашқы 6 айда ауданда 103 адам көз жұмды. Өткен жылдың осы кезеңінде 94 адам қайтыс болған еді. Өлім-жітім деңгейі былтырғымен салыстығанда жоғары. Келіп түскен өтініш өз мерзімінде орындалып, 6 жағдайда тәртіптік шаралар қолданылды. Г.Каюпованың айтуынша қалған жағдайлар оң шешімін тапқан.
Жиын соңында көтерілген мәселелер сөз болып, олардың оң шешімін табуда бірлесе жұмыс жасау қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдері бірқатар сауалға жауап беріп, алдағы жоспарымен де бөлісті.

Н.БЕКТАЙ.
31 шілде 2018 ж. 649 2

Гость Jeaplause от 12 ақпан 2019 10:50
Viamedic Viagra cialis cheapest online prices Sale Macrobid Best Website Online Cheapeast Viagra Plus 400 Mg

Гость Jeaplause от 4 наурыз 2019 15:33
Fish Amoxicillin Clavu Priligy Furiex buy zoloft Cephalexin Over The Counter Erexin De Cialis Generico A Torino

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930