» » Бүгін солтүстікте бұршақ жауып, оңтүстікте қатты ыстық болуы мүмкін

Бүгін солтүстікте бұршақ жауып, оңтүстікте қатты ыстық болуы мүмкін

 

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстан аумағының кей жерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, екпінді жел соғып, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Республиканың солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік Қазақстан облысындың кей жерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей жерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман болады, шаңды дауыл тұрады.
Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 15-20 м/с жел соғады.
Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде қатты ыстық болуы ықтимал.
Ал Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында өрт қауіпі сақталады.


Baq.kz

17 тамыз 2018 ж. 488 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 983

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031