ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Бейсенбіде «Сыр Медиа» ЖШС-на қарасты басылымдардың бас редакторлары мен тілшілері елордадағы республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің редакциясында болды. Әріптестеріміз алдымен аға басылымның тыныс-тіршілігімен танысып, өзара іс-тəжірибе алмасты. Кездесу барысында сайт жұмысын ілгерілету мәселелері талқыланды. Басқосуда «Егемен Қазақстан» газеті интернет-редакция бөлімінің жетекшісі Құрманəлі Қалмахан сайт рейтингін көтеру, сапасын арттыруға байланысты өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ, газет мақалаларының мазмұнын жоғарылату, аудиторияға тартымды дүниелер ұсынуға қатысты мәселелерде сөз болды.
Өңірлік басылым редакторларын «Егемен Қазақстанның» шығармашылық-өндірістік әлеуетімен таныстыру мақсатында өткен кездесуде қазақ басылымдарының ақпарат таратудағы көкейкесті тақырыптары талқыланды. Мұндай жиындар мемлекеттік ақпараттық саясатты жүйелі жүргізіп жатқан газеттің мүмкіндігін одан ары арттырары сөзсіз. Сыр журналистерін бастап келген «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев бүгінгі басқосуда шығармашылық өндірісте кездесетін күрмеулі сұрақтардың жауабы табылғанын тілге тиек етті.
– Еліміздегі алдыңғы көшті бастап келе жатқан газеттен қай басылымның да үйренері көп. Бүгінгі семинарда шешімін таба алмай жүрген сұрақтарымыздың жауабын тапқандай болып отырмыз. Бас басылымның жұмыс істеу саясатының өзгеріп жатқанына риза болдық. Әсіресе, интернет жүйесімен жаңаша қадам бастап жатқаны ұнады, – деді А.Оңғарбаев.
«Egemen Qazaqstan» газеті соңғы жылдары оқырманға жақын болу мақсатында сайтта мақалалар мен қоса арнайы видео жобалар жариялай бастады. Осы орайда Youtube-тан арнайы «Egemen TV» арнасы ашылды. Онда «Өрнек», «Стадион», «Сарапшы пікірі» секілді түрлі жобалар жарық көрді. Сапар барысында әріптестерімізді осындай мультимедиялық бағытта ақпарат тарату ісі қызықтырды. «Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары Қамбар Ахметтің айтуынша, мұндай бастамамен өзге де өңір журналистері тәжірибе алмасатын болады.
– Қызылорда облысынан келген әріптестеріміздің ынталы болғанын көрдік. Олардың тарапынан жақсы ұсыныстар айтылды. «Егемен Қазақстанда» материалдар жариялап, бірлесе жұмыс атқарсақ дейді. Осындай тәжірибе алмасу жөнінде ұсыныстар көбеюде. Алдағы уақытта бізге Шығыс Қазақстан облысының делегациясы келмекші. Біз осындай ұсыныстар түсіп жатқанына қуаныштымыз, – деді ол.
Облыс əкімінің кеңесшісі Динара Бисембинаның бастамасымен өтіп жатқан семинар дәл осы күні "Казахстанская Правда", "КазМедиа" ұжымдарында жалғасты. Ал, кеше әріптестеріміз «Sputnik» ақпараттық агенттігі, «Назарбаев центр» және «Назарбаев университет» АҚ-да болып, ақпарат тарату саласындағы аталған орталықтардың жұмысымен танысты.
«ЖЖ» ақпарат.