» » “Қазгидромет” 26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады

“Қазгидромет” 26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады

Қызылорда облысында дауылға, Атырау облысында жел мен жауын-шашынға, Шығыс Қазақстан облысында ызғарға байланысты ескерту жарияланды.


Қоңыр күз

“Қазгидромет” РМК мамандарының мәліметінше, атмосфералық фронттар республиканың батысы мен шығысына әлі де әсер ете бермек, соған байланысты бұл өңірлерде найзағайлы жауын-шашын болады.

Қазақстанның басқа аймақтарында күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың көп бөлігінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Аймақтарда түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Желмен бірге шаңды дауыл көтеріледі.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы, Атырау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде де түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Карағанды облыстарында 1-3 градус ызғар болады.

baribar.kz






26 қыркүйек 2018 ж. 726 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 771

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930