27 қыркүйектегі ауа райы: үсік, жаңбыр, найзағай
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжауынша, еліміздің батыс және солтүстік-батыс аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей аймақта жел күшейеді, түнде оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында түнде жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғады.
Түнде Қызылорда облысының кей өңірінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, шаңды дауыл болуы мүмкін.
Маңғыстау облысының кей өңіріне тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады.
Ақтөбе облысының кей аймағында найзағай болып, күндіз жел 18 м/с жылдамдықпен соғады.
Қостанай облысының кей өңірінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін артып, таңертең және күндіз найзағай болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей өңіріне тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Жамбыл, Түркістан, күндіз Батыс Қазақстан, түнде Атырау облыстарының кей өңірінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түнде және таңертең Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында 3 градусқа дейін үсік болады.
https://baribar.kz