» » Жалағаштың аспанында әуелеген әсем ән

Жалағаштың аспанында әуелеген әсем ән


Жалағаш елі берекелі «Алтын дән» мерекесімен тұспа-тұс келген тарихи тұлғаларымыз қоғам қайраткерлері – Темірбек Жүргеновтің 120, Ілияс Қабыловтың 115, Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың 90 жылдық мерейтойларын кең көлемде республикалық дәрежеде атап өтті.


Дүбірлі той орталық алаңдағы гала-концертке ұласты. Эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен шараға аудан басшылығы бастаған кеш қонақтары мен тұрғындар қатысты.
Өткенді білмей, болашақты баянды ету мүмкін емес. Саналы ғұмырын мемлекетіміздің өркендеуіне, туған жеріміздің көркеюіне арнаған тұлғаларды өскелең ұрпақ білуі қажет. Тарихи маңызы бар шарада аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев өңір жұртшылығын мерейтоймен құттықтады.
– Екі күннен бері Жалағаш жерінде дүбірлі той өтуде. Оның бір себебі, аудан диқандары ерте көктемнен бастап еткен еңбектерінің жемісін көруде. Астық жинау науқаны аяқталып, өнім бітік шықты. Мұнымен қоса, мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120, аудармашы, қазақтан шыққан алғашқы философ Ілияс Қабыловтың 115, Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың 90 жылдық мерейтойлары аталып өтуде. Әр елді танытатын сол елдің азаматтары десек, бізді бүгінгі тыныш заманға жеткізген, осы жолда өз өмірін қиған қайраткерлер бар. Алаш арыстарының басында тұрған тау тұлғалы, елі үшін қызмет жасаған адал азаматтардың арқасында бүгінгідей дүбірлі той өткізіп, бейбіт күн кешіп отырмыз.
Қазақ елі басынан небір нәубеттерді өткізді. Ашаршылықты да, соғысты да көрді. Талай азаматтар жазықсыз қуғын-сүргін құрбаны болды. Сол кісілердің рухына арнап өткізіліп отырған мерейтойдың бүгінгі ұрпақ үшін маңызы зор. Олардың өнегелі өмір жолдары, көрген қиындықтары, ел үшін еткен еселі еңбектері ел жадында мәңгі жаңғыруы тиіс. Біз осындай тау тұлғалы азаматтармен мақтанамыз, – деді аудан басшысы.
Расында, Жалағаш жері – киелі де, қасиетті мекен. Ата-бабаларымыздың маңдай тері сіңген қасиетті өлке. «Ақ күріштің Қостанайы» атанған Жалағаш жерінің өнімі биыл да бітік шықты. Аудан диқандары да ауыл шаруашылығы саласы бойынша жыл сайын толайым табыстарға қол жеткізіп, өңір қазынасының ұлғаюына айтарлықтай үлес қосуда. Бұл аудан жұртшылығының ынтымақ-бірлігінің, берекелі тірлігінің жемісі екенін айта кеткен жөн.
Гала-концертте Елена Әбдіхалықова, Жұбаныш Жексенұлы, Құдайберген Бекіш, Жеңіс Ысқақова, «Азия» тобы, Индира Елубаева, Тахауи Рахметов, Самал Байсейтова сынды көпшілікке танымал әншілер мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетіп, жұрттың қошеметіне бөленді. Жалағаштың аспанын әнге бөлеген кеш соңы мерекелік отшашуға ұласты.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ.


20 қазан 2018 ж. 1 120 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930