ҒАНИ МҰРАТБАЕВ МӘСКЕУДЕ ЖЕРЛЕНГЕН

Ғани Мұратбаев дегенде көз алдымызға жастардың көшбасшысы елестейді. Оның ел үшін жасаған еңбектерін сөз етпегеннің өзінде, талай жасқа пана болғанын айта кеткеніміз абзал. Ол Жетісуда мұғалімдер даярлайтын курстар ұйымдастырды. Бұл жерден қаншама адам білім алды. Ташкенттегі жетім балаларды интернатқа, балалар үйіне орналастыруға белсене кірісіп, олар үшін ұйымдастырылған интернаттың директоры қызметін атқарды. Бұл жағынан келгенде Ғани Мұратбаевты үлкен жүректі жан ретінде тануға болады.

Сыр өңірінен барған делегация Ғани Мұратбаевтың рухына құраннан дұға бағыштады. Осы сәтте ерекше оқиға орын алды. Күн бұлттанып тұрғанымен жауын жауатындай сыңай танытпаған болатын. Бірақ, құран оқылып жатқанда аспаннан ақ нөсер төгіліп, шелектеп жаңбыр жауды. Біз мұны нұр жаудыға балап, қайраткердің әруағы бір аунаған шығар дедік.
А.БЕК.