» » Талаптың мініп тұлпарын…

Талаптың мініп тұлпарын…



Өткен ғасырда Темірбек Жүргенов республикаға басшы болып келген Голощекинді қатты сынға алып: “Қазақстанға керегі – 7-10 жылдық мектеп жүйесін құру, ал, сіз «қазақ тек хат таныса болады» дейсіз. Жоқ! Бізге үлкен білім ордалары қажет”, –деп өз ұлтының болашағын құрметтеуді талап етеді. Бұл – қайраткердің қайтсем де қазақтың баласын білімді етемін, оқытамын, білгенімді үйретемін, замана көшінен қалдырмаймын деген ерік-жігері мен халқына деген шексіз махаббатының айқын көрінісі.

Темірбек Қараұлының бұл сөзі бүгінде өз маңызын жойған жоқ. “Қазаққа үлкен білім ордалары қажет” деген оның арманы мен талабы орындалып жатыр. Соның бір дәлелі ретінде облыс орталығындағы Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебін атап өтуге болады. Биыл еліміздегі Назарбаев зияткерлік мектептерінің негізі қаланғанына он жыл болса, Қызылордадағы білім ұясына 5 жыл толып отыр.
Осы орайда «Сыр медиа» ЖШС басшылығы, серіктестікке қарасты облыстық, аудандық басылым редакторлары «СIS» халықаралық мектептер кеңесіне мүшелікке енген оқу ошағының тыныс-тіршілігімен танысқан еді.
Аталған мектептің ғимаратының өзі ерекше. Алыстан-ақ мен мұндалаған көрінісінен еліміздегі таңдаулы білім ордаларының бірі екені көрініп тұр. Бізді есік алдынан күтіп алған мектеп директоры Бақыт Жұматай білім ошағындағы оқу процесінің ерекшеліктерін көрсетті. Жемісті жетістіктердің аз еместігін атап өтіп, бүгінде оқушылардың көпсалалы ғылымның тереңіне бойлап, зерттеп-зерделеуге деген ынтасы жоғары екенін жеткізді.
– Қазіргі таңда мектепте 7-12 сыныптар ара­лы­ғында 680 оқушы үш тілде тереңдетілген білім алуда. Барлығы ғылыми жұмыстармен ай­налысады, бірнеше рет аймақтық, респуб­ликалық олимпиадаларға қатысып, техникалық көрмелерден жүлдемен оралған. Мектепте қазақстандық, сондай-ақ, Канада, Филиппин, Уганда, Кения және өзге елдерден келген 7 шетелдік маман жұмыс істейді. Біздің басты қағида – қабілетті жастардың әлемдік деңгейде шыңдалуына қолдау көрсету. Бұл орайда Ұлы­­британияның ұлттық орталығы Назарбаев­ Зияткерлік мектептерінің NIS-Programme білім бағдарламасының General Certificate of Education A-Level деңгейіне сәйкестігін растауы үлкен мүмкіндіктерге жол ашқанын айта кету керек. Ол түлектердің қазақстандық 10 беделді жоғары оқу орнына 2 курсқа, ал Германиядағы университеттерге университеталды дайындық курсына қатыспай-ақ оқуға қабылдануына көмек береді. Биыл 132 түлектің 100 пайызы жоғары оқу орындарына түсті. Әлемдегі 8 мемлекеттің білім гранттарын иеленіп, жоғары білім алуда, – деді мектеп басшысы.
Айтса айтқандай, Назарбаев Зияткерлік мек­тебінің оқу үрдісі жалпы білім беретін мек­­тептердегі оқу үрдісінен ерекше. Мұнда жаратылыстану-математикалық ғылымдар те­­рең­­детіп оқытылады. Теориялық білімдер прак­тикамен бірге жүреді. Мұның барлығы білім алушының қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады. Мектеп үрдісіне енгізілген «Жаһан­дық перспективалар мен жобалау жұмыстары» пәнін оқушылар ағылшын тілінде меңгеріп, әлемдегі орын алған жаһандық проблемалардың шешу жолдарын зерттеуде.
Сапалы біліммен қатар оқушылардың шығармашылық дамуына да мектепте барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, 40-тан астам үйірме жұмыс жасайды. Олардың қатарында телестудия, фотостудия, спорттық секциялар, киіз басу, киім дизайны, сублимация, топиарий, ағаш ою, вокал, халық аспаптар оркестрі секілді бағыттарда жұмыс жасайтын үйірмелер бар. Біз оқушылардың өз қолымен жасаған дүниелерін таңданыспен тамашаладық. Неше түрлі кәдесыйлар, қазақы нақышта жасалған оюлар, қобыз, домбыра сынды ұлттық аспаптардың макеті нағыз шебердің қолынан шыққандай әсер қалдырады. Таланттың аты талант. Мынандай дүниелер шын дарындының ғана қолынан шығары анық.
Оқушылар жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесінен соң білім ұясындағы асхана мен спорт залды, кітапхана мен оқушылар жатақханасын араладық. Білім алу үшін барлық жағдайдың жасалғанына көз жеткізіп, өткізіліп жатқан сабақ барысын бағдарлап көрдік. Байқағанымыздай, мұнда әрбір сабақ зертханалық жұмыспен жалғасын табады екен. Оқушылардың теория жүзінде алған білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік жасалған. Білім алушылар нанотехнология кабинетінде өрт сөндіру, криминалистика, медицина салаларына қатысты жасаған тәжірибелерін қызықтай алады. Ал, биотехнология кабинетінде ДНҚ тізбегін анықтап, жасанды жолмен ұлпа өсіру жолдарын зерттеуге, түрлі микробиологиялық синтездерді, генетикалық және клеткалық инженерияны қолдануға қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысуына болады. Сонымен қатар, білім ошағы IT, робототехника саласын дамытуды жолға қойған. «Мұның барлығы бізге әмбебап өнердің тереңіне бойлап, болашақта инновациялық технологияларды одан әрі игеруге септеседі», – дейді 12 сынып оқушысы Владимир Коряк. Естеріңізде болса, жас инноватор бұған дейін қаладағы автотұрақ мәселесін шешуге қатысты тың жоба ұсынып, көптің ықыласына бөленген болатын. Білім ордасында 100-ден астам педагогикалық және оларға теңестірілген қызметкерлер жұмыс жасайды. Балаларға терең білім беру жолында шетелдік мамандар да үлестерін қосуда. Олар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытады.
Бес жылдық тарихы бар Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі үлкен жетістіктерге жетіп, іргесі берік білім ордасына айналды. Аз уақыттың ішінде еңбектің, ынтымақтың, бірліктің айқын көрінісіндей талай табыстарға қол жеткізді. Атап айтар болсақ, халықаралық және республикалық пәндік олимпиададан 70-тен аса жүлдегер, роботты техника байқауларынан 21 жеңімпаз дайындаған мектеп 2017 жылы Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) аккредитациясынан сәтті өтіп, білім сапасын растады. Оқушылар Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқыту­шы профессорларымен бірлесіп, зерттеу жұ­мыс­тарын жүргізді. Олардың кейбірі елге танылып, инновациялық патенттерге ие болды. Сонымен қатар, Асқар Жұмаділдаев атындағы сыйлықтың, «Қызылорда облысының үздік жас зерттеушісі» номинациясының иегері атанды. Зияткерлік мектептің шәкірттері облыс жастары арасында өткізілетін «Атамекен-стартап» және «HackDay» секілді байқауларда топ жарып жүр. Үнемі білімдерін шыңдап отыратын ұстаздар қауымы да «Жаңашыл», ең үздік «Жыл мұғалімі» қатарынан көрініп келеді.
Назарбаев зияткерлік мектебіндегі өрен­дер ізденімпаздығымен де ерекшеленеді. Шығармашылықпен айналысуға да уақыт табады. Бес жылды еңсерген алтын ұяда бұдан да басқа ауыз толтырып айтарлық жетістік жеткілікті. Мұнда заманауи білімге ұмтылған ауыл балалары да оқитынын көзіміз көрді. Олардың да таудай талабы бар. Мұндағы әрбір білім алушының жанарынан болашаққа деген сенімді көрген біздер, талпынған баланың аталған мектепке түсуге мүмкіндігі бар екеніне көз жеткіздік. Ең бастысы, талаптың кемесіне мініп, желкенін керуді ұмытпаса болды.

Әзиз ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.
24 қараша 2018 ж. 964 2

Гость Jeaplause от 25 ақпан 2019 05:09
Viagra Kaufen Ohne Rezept De cialis Doxycycline Over Night

Гость Jeaplause от 14 наурыз 2019 02:58
Cialis Online Kaufen Deutschland Levitra Scaduto Fa Male comprar priligy barcelona Viagra Maschile Bentyl Muscle Spasms Worldwide Shop Cod Accepted Propecia Online Pharmacy Propecia Levitra

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 770

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930