» » СЕРПІН АЛҒАН САЛА

СЕРПІН АЛҒАН САЛА



Былтырдан бастап соңғы үш жылды аймақта жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы деп жариялағалы ауданда іскер азаматтарды қолдау жұмыстары қарқын алды. Мемлекеттік бағдарламалармен қаржыға кенелген кәсіпкерлер де аталған саланың серпін алуына жұмыс жасауда. Өткен жылдың өзінде кәсіпкерлік саласы бойынша өңірде 1076 млн теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке 155 млн теңге салық түсті. Бұл жалпы салық түсімінің 12,1 пайызын құрайды.

Ауданда 2344 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Ал, оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік нысандарға келсек, олардың қатары 1934-ке жетті. Қазіргі таңда аудандағы осынша кәсіпкерлік нысанда 8911 адам жұмыс жасайды. Бұл саланы қолдаудың жемісі бір жағынан салық базасын нығайтса, келесі кезекте жұмыссыздық мәселесінің де алдын алуға ықпал етуде. Бір ғана Жалағаш ауданында кәсіпкерлік саны артқан сайын жұмыссыздар қатарының кемуі осы сөзімізді қуаттайды.
Былтыр мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 278 кәсіпкер 3 млрд 7 млн теңгемен қаржыландырылды. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалы арқылы 33 жоба иесі 386,3 млн теңгеге қол жеткізді. Ал, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 162 жоба 510,5 млн теңгемен қаржыландырылды. «Микробизнес - Қызылорда» бағдар­ламасы аясында 31 жоба иесі 112,3 млн теңгеге қол жеткізсе, «Сыбаға», «Кәсіпкер» бағдарламалары аясында 6 жобаның авторы 65,5 млн теңге қаржылай қолдау тапты. Іскер азаматтарға жасалып жатқан осынша көмек өңірде кәсіпкерліктің қанат жаю­ына жол ашты. Мұнан бөлек, «Ауыл», «Сырдария-1» несие серіктестіктері арқылы мал және егін шаруашылығы бағытындағы 34 жоба иесі 264,7 млн теңгеге ие болды.
Айта берсек, бұл сала бойынша өткен жылы атқа­рылған жұмыс баршылық. Былтырдың өзінде жалпы құны 688,4 млн теңгені құрайтын 8 жоба жұмысын бастады. Нәтижесінде қаржылай қолдау тапқан кәсіпорындарда 84 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл да аудан үшін бұл сала серпінді жұмыстармен бастау алады деп күтілуде. Жалпы құны 643 млн теңгені құрайтын 10 жоба жұмысын бастайды деп жоспарлануда. Кәсіпорындар іске қосылса, 102 жаңа жұмыс орны ашылады.
Кәсіп бастауға талпынған кез келген жанды қолдау тек қаржылай көмекпен шектелмейді. Себебі, кәсіппен айналысатын адамның бірі бұл салада бұрыннан қолтаңбасы болса, енді бірі жаңадан бас­тауы мүкін. Осы орайда кәсіптік оқудан өту іс бас­таймын деген жанға үлкен қолдау болып отыр. Ауданда былтыр «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы» аясында тиісті жұмыстар атқарылды. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға облыстық бюджеттен 19,3 млн теңге қаржы қаралды. Есепті мерзімде 102 адам қысқа мерзімді курстарға жолданып, 19,1 млн теңге қаржы төленді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды 102 адам тәмамдап, оның 70-і тұрақты жұмысқа орналасты. Ал, екінші бағыт шеңберінде 168 өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамға 527,8 млн теңге шағын несие берілді. Қаржыға қол жеткізген 142 адам өз кәсібін ашып, нәтижесінде 156 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл сала бойынша былтырғы жылдың басты жаңалығы ауданда алғаш рет «Бастау Бизнес» жобасы іске асты. Жоба аясында 170 адам оқытуды аяқтап, оның 35-і шағын несиеге қол жеткізді. Мұнан бөлек, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру үшін республикалық бюджеттен 70 жобаға 16,8 млн теңге қаржы қаралды.Нәтижесінде жарқын жобалар 16,8 млн теңге қаржылай қолдауға ие болды.
Мемлекеттен үлкен қолдау тапқан жергілікті кәсіпкерлер мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ауданда әлеуметтік нысандар салуды қолға алуда. Өткен жылдың өзінде Таң елді мекенінен «Таң ЛТД» дене шы­нықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру жобасына 2 спорт ғимаратын әзірлеу жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі таңда бір спорт ғимаратының техникалық құжаты мен бизнес-жоспары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Бұл жоба осы айда ел игілігіне беріледі деп күтілуде.
Бұл бір ғана мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жасалған жұмыстар. Ал, жалпы кәсіпкерлік саласы бойынша атқарылған жұмыстар аудан әлеуетінің артуына үлкен үлес қосуда. Сондықтан, кәсіпкерлерді қолдау алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз.

К.БАЛҒАБАЙ.


12 қаңтар 2019 ж. 829 1

Гость Jeaplause от 11 наурыз 2019 20:46
Alli For Sale cheap levitra online Prescription Drugs Amphetamine Priligy Foro

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930