» » 7-20-25: БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА мол мүмкіндік

7-20-25: БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА мол мүмкіндік




Былтырғы жылы Қазақстандағы әрбір отбасына бас­пана алудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыратын ­«7-20-25» бағдарламасы іске қосылды. Осылайша нақты жұмыс жасай бастаған бағдарлама бойынша банктер де несиелерін беруге кірісті. Елімізде бұған дейін де баспана алуға бағытталған бірқатар бағдарлама жүзеге асты. Соның арқасында көптеген қазақстандық жаңа пәтер кілтін қолына алды.

Ел Президенті осы мәселенің шешімін тауып, әсіресе, жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуде тиімді әрі қолжетімді бағдарламаны ұсынған болатын. Осыған дейін де айтқанымыздай, аталған бағдар­ламаның бұдан бұрынғы жобалар­дан ерекшелігі көп. Жылдағы пайыздың мөлшерлемесі 7 пайызды құраса, бастапқы жарна – 20 пайыз. Несиені 25 жылға дейін ұзартуға болады. Бағдарлама талабы бойынша өтініш беруші Қазақстан азаматы болуы шарт, екіншіден, қарыз алушыда кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен түсетін табыс болуы керек. Үшіншіден, қарыз алушы үй сатып алуға, оның құрылысына немесе оның жөндеуіне арналған несиелер бойынша өтелмеген қарыздар болмауы шарт. Төртіншіден, ел аумағында отбасының әр мүшесіне шаққанда 15 шаршы метрден аспайтын жатақхана бөлмелерінен, апатты жағдайдағы үйлерден өзге баспанасы болмауы тиіс. Ал сатуға қойылатын тұрғын үйлерге қойылатын талап – жаңа салынған болмаса пайдалануға бе­рілген, яғни ешқандай қосымша құрылыс жөндеу жұмыстарын қа­жет етпейтін болуы тиіс. Аталған бағ­дарлама шеңберінде тұрғын үйдің ең жоғарғы құны Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін – 25 млн теңге, ал өзге өңірлер үшін – 15 млн теңгені құрайды. Егер де алынатын тұрғын үй 7 млн теңге көлемінде болса, онда ай сайынғы төлем 50 мың теңгеден аспайтын болады. Бұл дегеніңіз, еліміздегі орта деңгейдегі тұрғындардың баспана алуына мол мүмкіндік бар деген сөз.
Кез келген несие тарихында уақытынан ерте жауып тастау деген бар. Әрине, кез келген қарыз алушыға осы бағдарлама арқылы алған ипотекасын 25 жылға созбай, ерте жауып тастауға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, несиеңізді ер­те төлеп тастағаныңыз үшін еш­қандай айыппұл салынбайды. Бас­тысы, қандай бағдарлама болса да халықтың әл-ауқатының артуына, сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне қолайлы болуы керек. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында «бүгінде біз тұрғын үй құрылысына зор серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасын табысты іске асырудамыз. Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынды. Әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша ал­ғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырамын. Мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру біліктілігі жоғары педагогтар, медицина қызметкерлері, полицейлер және өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қолжетімділігін арттырады», – деді. Сондай-ақ, ха­лықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қала­ларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажеттігін айтты.
Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда үй алу кезегінде тұрған азаматтар көп. Олардың барлығын сапалы әрі ыңғайлы баспанамен қамту үшін мемлекет бар мүмкіндікті пайдаланып келеді. Елбасының жоғары айтқан қуатты сөзі осы жұмыстарды одан әрі жетілдіруге, құрылыс сапасын арттыруға жол ашары сөзсіз. Өйткені, бюджет есебінен салынатын жаппай құрылыс алаңдарына арналған инженерлік инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтарға қолдау көрсетеді деп жоспарлануда.
Қарап отырсақ, бұл бағдар­ла­маның елдің әлеуметтік жағдайын көтеруде өзіндік мүмкіндігі мол, тиімді тұстары көп. Елбасы ұсынған әлеуметтік жобалар жұмыс жасайтын әрбір қазақстандыққа ипотекалық несие алып, өз отбасылық бюджетіне қарай төлей алатындығына тетік бола алады. Енді бас­панаға мұқтаж жандар жаңа қонысқа қол жеткізетін күн де алыс емес. Аталған бағдарламаның қазақстандықтар үшін тиімді тұстары көп. Баспанасыз жүргендердің бағы ашылып, жайлы қоныс тауып жатса құба-құп. Онда мемлекет ұсынған жеңілдіктің шынымен де халық үшін қайырлы болғаны.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ.

19 қаңтар 2019 ж. 559 2

Гость Jeaplause от 28 ақпан 2019 00:56
Viagra De 100 Precio Cialis Tadalafil 20mg Price cheapest cialis 20mg Cialis E Coumadin

Гость Jeaplause от 16 наурыз 2019 04:39
Cialis 10 Mg cialis Viagra E Metabolismo

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930