Ауыл шаруашылығында өсім байқалады
Аққұм ауылдық округі бойынша 2017 жылы ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын екі заңды тұлға және 8 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.
2017 жылы ауылда 3576 га жерге егіс егіліп, оның ішінде: 2572 га күріш, 360 га жаңа жоңышқа егілді, 644 га ескі жоңышқа күтімге алынып жиналды. Күріштен гектарына орта есеппен 44,3 цн өнім алынып, барлығы 113939 цн астық жиналды. Осы шаруашылықтарға мемлекеттен 60 млн 465 мың теңге субсидия берілді. Ауылдағы жеке отбасылары көкөніс-бақша, картоп, жеміс-жидектер өсіріп, қажетті өнімдерін жинап алды. Ауылдық округі бойынша жеке тұлғалар есебінде 2018 жылдың 1 қаңтарына 2295 бас мүйізді ірі қара, 1350 бас жылқы, 4005 бас қой-ешкі, 30 бас түйе есепке алынған. Қазіргі таңда ауылдағы ветеринариялық пунктте үш адам жұмыс жасап, малды ауруға қарсы егу, сырғалау, компьютерлік базаға енгізу жұмыстарын жүргізеді.
Бұдан бөлек, 2018 жылы ауылдық округ бойынша аяқсу жүретін ескі арықтарды қайта тазартып, су келтіру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік бағдарламаларға ауыл тұрғындарын қатыстыру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету және ауылда жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар жүргізіледі деп жоспарлануда.