» » Қаржылық САУАТТЫЛЫҚ – жаңа біліктілік талабы

Қаржылық САУАТТЫЛЫҚ – жаңа біліктілік талабы

Аудан әкімдігінде облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына еңгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.
Семинарға аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев, облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит депар­та­менті басшысының орынбасары Қ.Тұрымтаев, департаменттің каме­ралдық бақылау бөлімінің бас маманы, мемлекеттік аудитор Қ.Қамзаев, мекеме, бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары және ауыл әкімдері қатысты.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап бір көзден сатып алудың шекті сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен 500 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Негізінен, бұл ереже кішігірім бюджеттері бар тапсырыс берушілерге қатысты. Ауыл әкімдіктерінің бюджеті шеңберінде осы шек 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылған. Одан бөлек, баға ұсыныстарын сұрату әдісі арқылы сатып алу кезінде 1000 АЕК-ке дейінгі сатып алуда тапсырыс берушілер тауарлардың фирмалық атаулары көрсетсе ғана алады. Бұл сатып алынатын тауарлардың сапасын арттыруға көмектеспек.
Департамент өкілдерінің айтуынша, заңға сәйкес ықтимал жеткізушіге «қаржылық тұрақтылық» деп аталатын жаңа біліктілік талабы қойылады. Ол төлеген салықтар, айналымдық және негізгі қаражаттың болуы және еңбекақы төлеу қоры арқылы анықталады екен. Сонымен бірге, жаңа қабылданған заңда «кәсіби шағымданушылардың» жолын кесу де көзделген. Яғни, олардың сатып алу ниеті жоқ, тек қана өтінімдерді өзара қарау шеңберінде басқа қатысушылардың ақпаратына қол жеткізу үшін өтінім береді. Мұндай жағдайды болдырмау үшін басқа қатысушылардың құжаттарын қарауға тыйым салынады, конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылауға қатыспаған тауар жеткізушілердің арыз-шағымы қаралмайды.
– Заңдағы ең негізгі жаңалық – мемлекеттік сатып алулар веб-порталын пайдаланудың ақылы түрге ауысуы. Сатып алуларға қатысу үшін жарна сомасы сатып алу сомасына тікелей байланысты болмақ. 1 миллион теңгеге дейін – жылына 1 АЕК, 10 миллион теңгеге дейін – жылына 10 АЕК, 100 миллион теңгеге дейін – 20 АЕК, 1 миллиард теңгеге дейін – жылына 60 АЕК. Ал егер, шексіз сома болса – жылына 122 АЕК төлеу міндеттелген. «Конкурс қорытындысын қарауда еш мәселе жоқ. Бірақ, қаты­суға өтінім берерде қатысушының ақы төлегені тексеріледі. Шағын және орта бизнесті қорғау үшін ықтимал тауар жеткізушілер түрлі теңгейде шектелген. 1 миллион теңгеге дейінгі сатып алуға қатысатын ШОБ 1 АЕК немесе 2,5 мың теңге төлейді. Бұл әрбір сатып алуға емес, жылына бір рет қана төленеді. Егер жеткізуші көрсетілген сомадан асатын өзге де сатып алуға қатысқысы келсе, жетпей тұрған қаражатты ғана төлейді, – дейді облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қ.Тұрымтаев.
Мұнан соң аталған департаменттің камералдық бақылау бөлімінің бас маманы, мемлекеттік аудитор Қ.Қамзаев мемлекеттік сатып алу барысында ка­ме­ралдық бақылау туралы түсіндірді.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.

16 сәуір 2019 ж. 545 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930