АНАЛАР АЛТЫННАН АЛҚА ТАҚТЫ
Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев көпбалалы аналарды қабылдап, "Алтын" және "Күміс" алқа иелерін марапаттады.
Бүгінгі қоғамдағы шаруашылықтың қай-қайсысында болсын әйел қолының таңбасы барына сүйсінесің. Әлбетте, бұл – жаңа заманның тың талаптарының көрінісі. Әйелдердің қабілеті мен қарымы, ой-өрісі мен іскерлігі, еңбекқорлығы мен таланттылығы қашаннан жоғары бағаланады. Қай істі болсын ұршықша иіріп әкететін олардың тындырымдылығы, тиянақтылығы мен ұқыптылығы өз алдына, жаңа заманға бейімделгіштігі мен ізденгіштігі де әйел қадірін еселей түскендей. Олар ұрпақ тәрбиесімен қатар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, өркениетті ел болуы жолында еңбек етіп, өңірдің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді.
– Көпбалалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көпбалалы отбасында дүниеге келген. Тәңірдің бізге ұсынған үлкен сыйы – тәуелсіздік болса, басымызға қонған осы бақтың баянды болуына әйел-аналардың қосар үлесі қомақты. Бұл – ең бірінші, ұрпақ тәрбиесіне, ана өнегесіне қатысты айтылған сөз. Оның ішінде алтын құрсақты аналарымыздың орны ерекше. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 328 көпбалалы ана "Алтын алқа", 609 ана "Күміс алқа" иеленген. Ал, 67 ана І, ІІ дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталса, оның ішінде 64 Батыр ана бар, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң аудан әкімі көпбалалы аналарға ҚР Президентінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі №14 Жарлығы бойынша "Алтын" және "Күміс" алқа наградаларын табыстады. Сондай-ақ салтанатты жиын соңында кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Көштаев жылы лебізін білдіріп, аналарға ақ батасын берді.