» » Жаңақорғанда бизнес-форум болды

Жаңақорғанда бизнес-форум болды

Жаңақорған ауданында «Мемлекеттік жекешелік әріптестік – Бизнестің өрісті жолы» тақырыбында бизнес форум өтті. 
Аудан әкімі Ғалым Әміреев модераторлық еткен семинарға облыстық кәсіпкерлік басқармасы, өңірдегі қаржылық институттар мен екінші деңгейлі банк өкілдері және кент, ауылдық округ әкімдері және жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Форум барысында әкім жаппай кәсіпкерлікті дамытуға байланысты жаңа бағдарлама «Қарапайым заттар экономикасы» жайлы аз-кем айтып өтті.
«Елімізде «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту мақсатында 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлініп, басым жобаларға жеілдетілген несие берудің бағдарламасы іске қосылды. «Қарапайым заттар экономикасы» деген ұғым азық-түлік, киім-кешек, құрылысқа қажетті құрал-жабдық сынды күнделікті тұрмыста аса қажет заттармен етене байланысты. Бір қарағанда экономикаға еселеп табыс әкелмейтіндей көрінгенімен, негізгі сұранысты осы «қарапайым заттар экономикасы» өтейді. Мемлекеттік қазынадан бөлінген 600 млрд теңгенің 400 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтерге бағытталмақ», – деді Ғалым Әміреев. 
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мен «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту шеңберінде  жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын облыста іске асыруға қатысатын бірнеше банктің өкілдері түсіндірме жұмысын жүргізді. 
Алдағы уақытта қаржылай қолдауға нақты қалай жеткізетіндігі жөнінде мамыр айының 3-күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетін «Ашық есік» күнінде білуге болатынын жеткізді.
04 мамыр 2019 ж. 899 1

Stevnoix от 8 мамыр 2019 10:05
Que Es Cialis 20 Mg cost of levitra 20mg Tipos De Propecia Priligy Rezeptfrei Paypal

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930