» » Цифрландыру салаға серпін әкелді

Цифрландыру салаға серпін әкелді

Бүгінгі жас ұрпақ білімді болса, елдің келешегі кемел болары ақиқат. Қай заманды алып қарасақ та қоғамның қозғаушы күші – жастар. Мемлекет жастарға барлық мәселеде қолдау білдіріп, мүмкіндік жасауда. Білім жүйесінде де гранттардың саны артып, шетелде білім алуына мол мүмкіндік бар. Көптеген жастар ұйымдары мен құрылымдары қызмет жасайды. Заманауи­ білім беру жүйесі қалыптасып, зияткерлік мектептер, Елордада халықаралық университет ашылды. Жыл сайын мыңдаған студент әлемнің үздік университеттеріне оқуға кетіп жатыр. Осының барлығы жастардың жаһандық дәуірде бәсекеге қабілетті мемлекеттің негізін қалауына жол ашады.
Азаматын ардақтап, өткеніне құр­мет­пен қарайтын Жалағашта білім саласы жыл санап өркен жаюда. Білікті шә­­­­­­­­­­кірттер республикалық, қала берді ха­лық­аралық сайыстарда марапат төрінен көрініп, жүлдемен оралуда. Сонау шет елдерде Қазақстанның атын шы­ғарып, аудан мерейін асқақтатқан өрендер де бар. Олардың ішінде есімін ерекше атап өтуге болатын ЮСИМАС академиясының студенті Исатай Жайшылық Малайзия елінде өткен «ХХІІ халықаралық олимпиададан» жүлделі ІІ орынды иеленіп, мемлекет мерейін үстем етті. 2017 жылы жалпы білім беру ұйымдарының 6-9 сынып оқушылары арасындағы «Ұлт тарихындағы ұлы белес» атты ақындар мүшәйрасында Есқара Бағлан І (аудандық) кезеңінде І орын, ІІ (облыстық) кезеңінде жүлделі ІІІ орын, 2017 жылы «Алаш сенген жас­тар» ІІ республикалық жас ақындар мү­шәйрасының І орын иегері атанған. Сон­­­дай-ақ, 2018 жылдың ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында өткен «Көк тудың жел­бірегені...» атты республикалық көр­кемсөз байқауында Есқара Бағлан мен Смағұл Дінмұхаммед лауреат атанып, ІІ дәрежелі диплом иеленген болатын. Міне, осындай талантты, дарынды шәкірттер жаста болса өз биіктерін бағын­дырып жүр. Түлектердің білім бәй­­­­­гесінде оза шауып, биіктерден көрі­нуіне мемлекет тарапынан жасалып жат­қан қолдау мен көмек те аз емес. Осы­ның ізімен ауданға қарасты барлық мектептер 100 пайыз кең жолақты интернет желісіне қосылып, «Электронды күнделік» жүйесіне енгізілді. Өткен оқу жылынан бастап қағаз-журналдар толтыру толық жойылып, электронды форматтағы нұсқаға көшірілді. 8 мектепте «Робототехника» кабинеттері ашылып, модификациялы физика, химия, биология кабинеттерін, 3Д кабинетін, цифрлық лабораторияны жабдықтау үшін тиісті жұмыстар атқарылды.
Тағы бір айта кетерлігі, ауданымыз ұлттық бірыңғай тестілеуде де алдыңғы қатардан көрініп келеді. Былтырғы жылы облыс бойынша аудандар арасында бірінші орынды иеленді. Аудандағы 344 бітірушінің 246-сы ҰБТ-ға қатысып, көрсеткіш 87,5 балды құрады. 2017 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5,9 балға өскен. Тестілеу тапсырғандардың 77,6 пайызы жоғары оқу орындарының грантын иеленді. Бұл нәтиже 2017 жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға артқан. Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзат Құрманбаева да осы жетістіктерді одан әрі жетілдіріп, биылғы сынама тесттен жоғары деңгейден көріну үшін барлық шаралар қабылданып, тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтады.
– Расында, бірнеше жылдан бері аудандағы білім саласында айтарлықтай жетістікке жеттік. Ең алдымен, нәтижелі жұмыстың болуы ұстаздар қауымының тынымсыз еңбегі мен оқушылардың білімге деген ынтасы деуге болады. Биылғы жылы да осы сенім үдесінен шығуға, сынамалық тест қорытындысымен алдыңғы қатардан көрінуге күш салудамыз. Дайындық жұ­мыс­тары оқу жылының басынан бастап жос­­парға сәйкес жүргізілуде. 2018-2019 оқу жылында 287 оқушы мектеп бітіреді. Қазіргі таңда 227 оқушы маусым айында өткізілетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. 22 бітіруші «Алтын белгіге», 20 бітіруші «Үздік аттестатқа» үміткер.
Жыл бойы жұмыс жасайтын «Талдысу», «Ақтерек» лагерьлерінде 241 бітіруші қосымша дайындық курстарынан өтті, – дейді бөлім басшысы.
Айта кету керек, Елбасы былтырғы халыққа арнаған Жолдауында «Педагог мәр­тебесі туралы» заң қабылдауды ұсын­ды. Бұл құжат мұғалімдер жүктемені азайтып, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функ­циялардан арашалауға жұмыс жасайтын болады.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ.

14 мамыр 2019 ж. 868 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930