САУМАЛ ІШСЕҢ, САУ ЖҮРЕСІҢ
Елбасы Н.Назарбаев дәстүрлі Жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ер жетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», деп жастарға деген ыстық ықыласы мен зор сенімін жеткізген болатын. Шынында, жастарға артылар сенім мол.
Мемлекет жастарға барлық бағыт бойынша қолдау білдіріп, мүмкіндіктер жасауда. Білім жүйесінде де гранттардың саны артып, шетелде білім алуына мол мүмкіндік бар. Көптеген жастар ұйымдары мен құрылымдары қызмет жасайды. Осының дәлелі ретінде жастарымыз биылғы жылы ауданымызда жүзеге асқан «Zhas Project» жобасына өз идеяларын ұсынып, 26 жоба қолдау тапты. Бүгінде грант жеңімпаздары өздеріне тиесілі қаржыны алып, кәсіптерін бастап кетті. Олардың бірі – Аққыр ауылының тұрғыны Гүлфайруз Матаева.
–Жоба туралы ауыл әкімшілігінен хабардар болдық. Ести сала, көптен армандап жүрген кәсібіміздің бизнес жоспарын жасап ұсындық. Шүкір, жобамыз қолдау тауып, грант иегері атандық. Бүгінгі таңда биенің сүтін ауылымыздағы халықтың осал топтарына үлестіріп отырмыз. Бәрімізге белгілі, бие сүтінің адам денсаулығына, оның ішінде егде жастағы кісілерге пайдасы зор. Біздің бие сүтін таңдауымыздың себебі де осы, – дейді жоба жеңімпазы.
Иә, расында бие сүтінің емдік қасиеті көп. Оны білгендер бір-екі ай үзбей саумал ішіп, иммунитетін көтеруді қолға алып жатады. Бұл кәсіпті қолға алған Аққыр ауылының тұрғыны Гүлфайруз Матаева тұрмысы төмен отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін ұсынып, олардың әлеуметтік жағдайын көтеруге атсалысуда. Топ құрамында көшбасшымен қатар Нұрлан Табынбаев, Талғат Қалыбаев та бар.
Айта кеткен жөн, «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы ҚР Білім және Ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің қолдауымен іске асып отыр.
Н.АЛМАСҚЫЗЫ.