» » «Ақмешіт жастары» достарын шақырады

«Ақмешіт жастары» достарын шақырады

Осыдан 5-6 жыл бұрын аудан жастары тарапынан айтылған ұсынысты аймақ басшысы қолдап, облыстың медиа кеңістігі тағы бір басылыммен толықты. «Ақмешіт жастары» газеті жарыққа шыққалы редакция ұжымы бүгінгі жастардың мәселесі мен жетістіктерін қаламына арқау етіп келеді. Кеше басылым қызметкерлері аймақтағы жастар орталығының мамандары, студенттердің қатысуымен «Ақмешіт жастары» достарын шақырады» кездесу өткізіп, онда аудан, ауылдық елді мекендердегі жастардың хал-ахуалы тақырыпқа арқау болды. Сондай-ақ басылым турасындағы ұсыныс-пікірлерді талқыға салды.

Сол жағалаудағы жаңа қалада орналасқан Жастар орталығында өткен кездесуде алдымен «Ақмешіт жастарының» бас редакторы Айжан Абдуллаева басылымның соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, газеттің онлайн нұсқасын дамыту бір жолға қойылғанын жеткізді.
– Газетті гаджет алмастыра бастаған уақытта ақпарат айдынына қосылған Ақмешіт жастарының да шыға бастағынына биыл - 6 жыл. Газеттің мазмұны жастар мәселесін көтереді. Жастар басылымы жас­тар саясатының тұжырымдасына негізделген өзінің күнделікті ақпараттық мәселелерін газет арқылы насихаттап отыр. Бұған дейін 12 бет болып шыққан басылым қазір Д2 форматына көшті. Сегіз бет, айына бір рет оқырманға ұсынылатын 40-қа жуық беті, 150-ден астам айдары бар. Редакция ұжымын әрқашан оқырманның талап-тілегіне жұмыс істеген қызықтырады, қазіргі трендтегі тақырыптарды талқылау, оқшау ойлар, ұсыныс пікірлер шабыттандырады. Мәселен, қазір газеттің барлық айдар атаулары латын қарпімен жазылады, – деді газеттің бас редакторы.
Жыл сайын облыстың жастар газеті жаңалық енгізуді дәстүрге айналдырып келеді. Ақпарат кеңістігінде айдыны кең, асқары биік басылымның уақыт өткен сайын беделі артпаса, биігі төмендеген емес. Еңбек жолын «Ақмешіт жастарынан» бастаған мамандардың бірқатары бүгінде облыстың маңдайалды басылымдарында, телеарналарда табысты еңбек етуде. Бас редактор Айжан Абдуллаева­ әлі де жас мамандардың шеберханасы сынды осынау ұжымның идеясы мен креативті бастамалары оқырманын алдағы уақытта да тәнті етеді деген сенімде.
Жиында «Болашақ» университетінің ректоры Қуаныш Дәуренбеков 5800 студент білім алатын оқу орнында екінші маусымға газетке жазылу науқаны жүріп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ бұдан былай басылымға жазылуды студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі арқылы жүргізуді ұсынды. Ал журналистер қазір жастардың бизнес жоба, стартап идеяларын жиі жариялап, кәсіпкерлердің жетістігін жіберген қателігімен бірге көрсетіп жазса, оқырманға қызықты деген ойларын ортаға салды.
Кездесуде аудандардан келген жастар ресурстық орталығының мамандары да сөз алып, мемлекеттік жастар саясатын көпке насихаттауда баслымның рөлі айрықша екенін жеткізді. «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Әділ Ибрахим әлеуметтік желінің қысқа-нұсқа ақпаратын оқып үйреніп қалған жастар газеттің сапалы дүниесін ұғына алмайтын деңгейге жеткенін ашық айтты. Замандастарын ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасауға, кәсіпкерлікке шақырған ол қазір жастардың ауылға барғысы келмейтінін де жасырмады. Бүгінде ауылдық елді мекендерде айлығы 70 мың теңгеден кем емес 20 жұмыс орны бос тұрғанын, онда жоғарғы оқу орнын бітірген жас мамандардың баруға құлықсыз екенін жеткізген Әділ Ибрахим бұл мәселе де редакция ұжымының назарында болса дейді.
Кездесу соңында қатысушылар «Сыр медиа» ЖШС ғимаратына арнайы келіп, редакция ұжымының жұмыс барысына қанықты.

Е.ӘНУАРҰЛЫ.

18 мамыр 2019 ж. 782 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930