сыр жастары СИНГАПУРЛЫҚТАРДЫ TIMSS ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША АРТТА ҚАЛДЫРДЫ
2015 жылғы соңғы TIMSS қорытындысы бойынша Қызылорда облысының 8-сынып оқушылары үздік жетістіктерге қол жеткізіп, әлем рейтингісінде алдыңғы қатарда тұрған Сингапурды да артта қалдырды. Байқауға Қызылорда облысындағы 13 мектептен (7 қазақ тілінде оқытатын және 6 аралас) 857 оқушы қатысты. Орыс тілінде оқитын Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының 4-сынып оқушылары жалпы рейтингте үздік 5 мемлекеттің көрсеткіштерімен салыстырмалы және одан да жоғары нәтижеге жетті.Айта кетейік, халықаралық математика және жаратылыстану пәндер бойынша білім беру сапасына халықаралық мониторинг жүргізетін TIMSS (ағылш. TIMSS — Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуі Халықаралық IEA білім беру жетістіктерін бағалау қауымдастығының ұйымдастырған бағдарламасы болып табылады. Бұл зерттеу 4 және 8 сынып оқушыларының математика мен жаратылыстану тәрбиесінің деңгейін әлемнің әртүрлі елдерінде салыстыруға, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесіндегі айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Төрт жылда бір жүргізілетін зерттеу циклы осы күнге дейін 6 рет 1995, 1999, 2003, 2007, 2011 және 2015 жылдары ұйымдастырылған.
Ал, қазақстандық оқушылар бұл рейтингке 2007 жылдан бастап қатысып келеді. TIMSS-2015 жылы Қазақстан 179 мектептен (4710 төртінші сынып оқушылары және 4869 сегізінші сынып оқушыларын) жалпы саны 9 579 оқушыны таныстырды. Математика бойынша төртінші сынып оқушыларының орташа балы 544 ұпай, жаратылыстанудан 550 баллға жетсе, 8 сынып оқушылары математикадан - 528 балл, жаратылыстану ғылымдарынан – 533 ұпаймен көзге түсті. Ал, келесі серттеу 2019 жылы жүргізіледі деп жоспарлануда.

Пікір 2