» » Алматыда тілшіге жасалған шабуыл: Полиция тергеуді бастады

Алматыда тілшіге жасалған шабуыл: Полиция тергеуді бастады

Алматы полициясы тәртіп сақшыларының журналист Шоқан Алқабаевқа шабуылдауы фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өздерінен жауапкершілікті алмайтынын және тергеу әділ жүргізілетінін айтып өтті.
Дегенмен құқық қорғаушылар журналистің айқындаушы кеудешесі немесе журналист екенін айқындайтын басқа белгілері болмағанын баса айтты. Осы әрекетімен журналист жаппай тәртіпсіздік кезіндегі БАҚ өкілдерінің қауіпсіздік ережелерін сақтамаған.
Департамент өкілдері рұқсат етілмеген ереуілге шығушылар арасында арандатушылар көп екенін, олардың заңсыз әрекеттері бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төндіретінін жеткізді.

"Сондықтан ішкі істер органдарының тәртіпсіздіктерді тоқтату барысындағы бірінші міндеті қылмыстық әрекеттер жасауға ниеттенген адамдарды бейтараптандырып, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деп қорытындылады полиция департаментіндегілер.

Еске сала кетейік, Алматыда маусымның 10-нан 11-не қараған түні адамдар рұқсат етілмеген ереуілге шықты.
Полицейлер ереуілге шыққандарды тұтқындады. Тұтқындауларды түсіріп жатқанда полицейлердің әрекеттерінен қазақстандық жаңалықтар басылымының журналисті зардап шекті.






11 маусым 2019 ж. 695 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 143

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930