» » » Жанболат пен Жазира 22 жыл үзілістен соң қызды болды

Жанболат пен Жазира 22 жыл үзілістен соң қызды болды

Жанболат пен Жазира осыдан бірнеше ай бұрын сәбилі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біраз уақытқа дейін өздерінің 22 жылдан кейін тағы да балалы болғандығын құпияда ұстаған жұлдызды жұп, қуанышты хабармен тек кеше ғана бөлісті. Бұл туралы Жазира Байырбекова жеке Instagram парақшасында жариялады. 
Қыздың есімін Дара деп оның ағасы Қазбек Қожахметов қойған көрінеді. 
"Өмірге бір адам ел жаулау үшін, бір адам ел басқару үшін, бір адам махаббаты үшін, ал мен жанұяма қызмет ету үшін келдім. Ата-анама тек баласының рөлін сомдап емес - досы, директоры, қамқоршысы, көмекшісі, екі жұптың халықты қуантуға септігін тигізуші ретінде Құдайдың маған берілген тапсырмасын түсінгендеймін. Дара қарындасымды қандай жоспар күтіп тұрғаны бізге беймәлім. Бірақ, Дара есімін қойған себебім, 22 жыл үзіндіден кейін табылған, ерекше күнтізбе туылған, біздей мықты отбасын таңдаған, ең бастысы Қазақ елінде туылған, ерекше- Дара атқа ие болды", - деп жазыпты Қазбек.
Жұлдызды жұптың қуанышты жаңалығын естіп, олардың өнердегі әріптестері құттықтап, тілек білдіріпті.
Мәдина Садуақасова "Құтты болсын, Жазикош", - деп жазса, Гүлнұр Оразымбетова "Бауы берік болсын!!' Құтты қыз болсын!", - деген тілек білдіріпті. Ал бес баланың анасы әнші Қарақат Әбілдина "Машалла! Міне жаңалық, ғажап болған екен. Құтты болсын Жазкентай", - деген жазба қалдырыпты. 


stan.kz

03 желтоқсан 2019 ж. 854 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930