Жазира Байырбекова қызының кіндік шешесін көрсетті (фото)
Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова қызы Дара дүниеге келгенде оның кіндік шешесі кім болатынын шешіп қойған. 22 жылдан кейін екінші рет ата-ана болған жұлдызды жұптың таңдауы Сымбат есімді әжейге түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жақында ғана қызды болған өнер иесі қызының кіндік шешесін Instagram парақшасы арқылы халыққа көрсетіп, ол кісі туралы айтып берген.
Жазира Байырбекова Дараның кіндік шешесін көпшілік іспетті, әдеттегідей, билік айналасы мен атақтылар қатарынан емес, халық арасынан таңдағанын алға тартты.
"Даратайымның кіндік шешесін Сымбат апа болады деп еш ойланбастан таңдадым. Әкесі мен ағатайы Қазбек те ойланбастан келісті. Сымбат апа ешқандай лауазымдық қызметте емес. Жай ғана көпшіл, жомарт, кішіпейіл, көңілі аппақ адам. Бұл кісі айналасына нұрын шашып жүреді.Кіндік шешені биліктің айналасынан немесе атақтылардан емес, халықтың арасынан таңдадық. Даратайым Сымбат апа сияқты айналасына мейірімді, пейілі кең болса Аллам бар жақсылықты сол пейіліне өзі береді" , - деп жазды Жазира Байырбекова.
Айта кетейік, бұған дейін жұлдызды жұп Жазира мен Жанболаттың 22 жылдан кейін қызды болғанын хабарлаған едік.
Кейін сәбидің бесікке салу рәсімінен желіде видео да тарады.
Сонымен қатар әнші қызының кімге көбірек ұқсайтынын айтып берген болатын.
kaz.nur.kz