Тәулік мезгілдерінің атаулары
Күн шығар алдындағы мезгіл атаулары: бұл мезгілді таң немесе таңертең деп атайды. 1. Алакеуім, алагөбе, алаң-елең, алаң-ғұлаң – тәңертеңгі мезгілде айнала әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі. 2. Құлан иек, құлан сәрі – таң жаңа сыз беріп ата бестаған кез. 3. Таңсәрі – жерге жарық түсе бастаған кез. Күн көкжиектен көтерілгеннен кейінгі мезгіл атаулары: 1. Сиыр сәске – күн арқан бойы көтерілген кез. 2. Сәске түс – түске жақындаған сезгіл, сағат 12 шамасы. 3. Ұлы сәске – тал түске жақындаған мезгіл. Күннің орта мезгіліндегі атаулар: 1. Тал (талға, тапа-тал) түс – күннің қатты ысыған кезі, сағат бір шамасы. Күн еңкейген кездегі мезгіл атаулары: 1. Ұлы бесін – бесін намазын оқитын кез, түс ауған шақ. 2. Кіші бесін – ұлы бесін мен намаздыгер арасындағы мезгіл. 3. Құлама бесін – күн еңкейген кез. 4. Екінті – түс ауып, күн батуға жақындаған мезгіл, бесін мен ақшам арасы. 5. Намаздыгер – күн еңкейіп ұясына кіруге таяған кез. Күн ұясына бата бастаған кездегі мезгіл атаулары: бұл мезгілді "ақшам, ымырт" деп атайды, оның мынадай атаулары бар: 1. Алакеуім – күн алакөлеңке, ұясына бата бастаған мезгіл. 2. Геуім, кеуім – қараңғы түсе бастаған кез, ымырт. 3. Намзшам – кешкі намаз оқылатын кез. 4. Кеш – ымырт жабылып, қас қарайған кез. Түн мезгілінің атаулары: 1. Түн – тәуліктің кештен тәңертеңгі уақытқа дейінгі аралығы. 2. Іңір – күн батып, қас қарайған мезгіл. 3. Қызыл іңір – қас қарайып, түн болған кез. 4. Жарым түн – түннің ортасы.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/34971
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/34971