» » » Мейрамбек Бесбаев Әміре Қашаубаевты танымайтын жастарға ренішін білдірді

Мейрамбек Бесбаев Әміре Қашаубаевты танымайтын жастарға ренішін білдірді


Бір ай бұрын көрерменге жол тартқан “Әміре” кинофильмі айтарлықтай сұранысқа ие болмады. Бұл орайда Мейрамбек Бесбаев қазақтың ән өнеріне өлшеусіз үлес қосқан Қашаубаевты танымайтын жастарға өкпелі екенін жеткізді. Кинозалда саусақпен санарлық көрерменмен жолыққан Бесбаев ақырында тарихи фильмді насихаттауды өз қолына алған.

Бұл туралы НТК арнасына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Әміре” фильмінің насихатталуына көңілі толмағандардың қатарында Мейрамбек Бесбаев та бар. “Музарт” тобының әншісі дәл осы себепті өнердегі зиялы қауым өкілдерінің басын қосып, фильмнің екінші көрсетілімін ұйымдастырған.
“Киноға барсам, залда небәрі 5-6 адам отыр. Сонда зиялы қауым өкілдерін шақыру идеясы ойыма келді. “Әміре” – бүгін көріп, ертең ұмытыла салатын фильм емес. Жастар Әміренің кім екенін білмегендіктен де, киноға келмейді. Сондықтан дәріптейік деп шештік. Әйтпесе олар қайдан білсін?” – дейді Бесбаев.


http://stan.kz
03 мамыр 2018 ж. 1 279 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 058

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031