Белгілі алаштанушы Мейрамбек Бесбаев жайында: Дипломын өзі жазып шыққанына рақмет айтуымыз керек
Мейрамбек Бесбаевтың магистр атанғаны әсіресе, оқытушы-ғалымдардың мазасын қашырды. Мәселен, профессор Мырзантай Жақып мемлекеттің есебінен оқыған әртістерді сынға алған болатын. Ғалымның айтуынша, грантқа таласып, кейіннен сабаққа келмей оқуын бітіретін әртістер нағыз білімді жастардың жолын жабады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігінің тілшісі.
Ал алаштанушы, педагогика ғылымдарының магистрі Заңғар Кәрімханның ойынша, дипломын өзі жазып, ашық түрде қорғаған Мейрамбек Бесбаевқа алғыс айту қажет.
“Несі бар, жанына жақын тақырып! Бала кезінен жақсы білетін, жақсы танитын дүниені жазу керек қой жазған соң! Ғылымға пайда әкелмейді деп ойлайсыз ба? Қателесесіз! Қазіргі қазақ қоғамы қоразбаевтануға мұқтаж ғой. “Бұлақ көрсең, көзін аш” дегендей, өнер жолына, үлкен өнерге қаршадай Мейрамбекті әкелгеніне не тұрады?! “Ауыл сахнасының озық әншісі” қалайша “Қазақстанның халық әртісі” атануының сыры кімге керек болмасын?! Мысалы, маған қызық! Қалай жоғары атақ алуға болады, жетудің қандай жолдары бар, нені үйреніп, нені меңгеру керек дегендей, бұл диплом жұмысы эстрада саласына қосылғалы тұрған “үлкен еңбек” емес пе? Ал сіздер бағалай алмай жатырсыздар!
Ешбір сабаққа қатыспаса да (қайдан қатысады концерттер мен гастролдік сапарларда жүрсе, арасында қазағының той-томалағы бар), дипломын өзі жазып шыққан! Қайта уақыт тауып жазып шыққанына рақмет айтуымыз керек! Абай тамыз құсап, “көгалды қуып гөлайттап, қызықпен жүріп жазды алса” не болар еді?! Және өзі ашық түрде қорғаған екен! Мейрамбек Бесбаевтың дипломы құтты болсын! “Іші тар”, “көре алмайтын” адамдар сөйлей бермесін” – деп пікір білдірді ол Facebook-тегі парақшасында.
http://stan.kz