» » » Назима қызын көру үшін Шымкентке келді

Назима қызын көру үшін Шымкентке келді



Black Star лейблінің әншісі Назима Жәнібекова Шымкентке келіп, жанкүйерлерімен кездесті. Танымал әндерді орындап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Otyrar.kz басылымы хабарлайды.

Ресейлік ТНТ арнасының “Песни” бағдарламасына қатысып, финалисті атанған Назима Жәнібекова туып өскен қаласы Шымкентке келді
“Шымкентте менің отбасым бар. Мен бұл қаланы жақсы көремін. Шымкентке келген соң, мен бірінші кезекте өз қызыммен көрістім. Оның туған күні болатын. Сосын достарыммен кездестім. Мен Шымкенттің республикалық маңызы бар қала атанғанына қуаныштымын. Барлық жақсылықты тілеймін”, — дейді әнші.
Назима Жәнібекованың сөзінше, жобаға қатысқан адамдармен оның ара-қатынасы жақсы. Әнші олармен танысқанына, қазір Тиматидің тобында жұмыс істейтініне қуанышты.
“Black Star тобы — бір жанұя сияқты. Тимати әрдайым бізбен бірге жүреді. Әрине, бастық болған соң, кейбір жерлерде ұрысады, бағыт көрсетеді. Барлық балалар оны құрметтейді, бағалайды. Осындай күшті топта жұмыс істейтініме өкінбеймін”, — дейді ол.
Назима Жәнібекованың айтуы бойынша, Black Star гастрольдік сапармен шамамен қараша айында Қазақстанға келеді. Әншінің оны қолдап жүрген жанкүйерлеріне алғысы шексіз.
Естеріңізге сала кетейік, Назима 91 тобының Шымкентте өткен концертіне қатысып, олармен бірге ән салған.


Источник: Stan.kz


27 тамыз 2018 ж. 643 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30