» » » 33 жыл диетада: Шахизада жас көрінуінің құпиясымен бөлісті

33 жыл диетада: Шахизада жас көрінуінің құпиясымен бөлісті

Сахнада жүргеніне 30 жылдан асса да, әнші Шахизаданың келбеті мен дене сымбаты бұрынғы қалпында. Соған қарағанда оның сұлу болуы мен жас көрінуінің құпиясы бар сияқты.


ШаÑизада

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Hit-TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“33 жыл болды диетада жүргенімізге. Оңай емес, өте қиын”, – дейді Шахизада.

Әдемі көрінудің өзі өнер. Сахнада жүріп, сымбатын сақтау – кез келген өнерпаз үшін оңай шаруа емес. Мәселен, әнші Шахизада да өз қалпын сақтау үшін аянбай тер төгіп келеді. Қазір әртістің салмағы – 68 келі. Бұл 50-ден асқан әйел үшін жақсы көрсеткіш. Әйелдер қауымы Шахизаданың сымбатына қызыға қарайды. Қалай күтінеді деп білуге ынтық.

“Көбісі айтады, 40-қа енді келетін қыз сияқтысыз деп. Диета ұстағысы келмейтіндер бар шығар. Кей әріптестерімнен естимін: – Қойшы, бір-ақ рет өмір сүремін, нан жеймін, ананы-мынаны жеймін, – дейді. Қызығып отырамын, мен олай жей алмаймын. Демалып келгенде 5 келідей салмақ қосып келесің. Бірақ соны қайтадан тастауға тырысасың. Сол күрес қой”, – дейді Шахизада.

Әншінің балалары да сымбатты анасының жолын қуып, үйде асты тартына жейтін көрінеді.

“Қазір 2-3 сантиметр жетпей, сыймай қалған көйлектерім бар. Жаман жыным келеді, бірақ әдемі көйлектер. Соны киюім керек. Сол үшін өзіме мақсат қоямын. Сондай мақсатпен 33 жыл болды өмір сүріп келе жатқаныма”, – дейді Шахизада.

Бұл орайда Шахизада артық салмақ қоспаудың құпиясымен бөлісті.

“Мен мысалы бешбармақ алып келсе, кішкене етін шұқылап, қызанақ пен қияр қосып жеймін. Сондай ұстамдық болу керек. Сосын тамақ жердің алдында бір-екі стакан су ішіп алу керек. Мен күнде таңертең тұрған кезде жылы етіп, 2 стакан суды балмен ішемін. Ол асқазанға өте пайдалы. Біз бұрын кешке жеміс-жидек жеп, диета деп ойлайтынбыз. Ал ол керісінше, кешке жеген тәтті жеміс-жидек майға айналады”, – дейді Шахизада.

Stan.kz
28 қараша 2018 ж. 689 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30