» » » Мөлдір Әуелбекова “Құрмет” орденімен марапатталды

Мөлдір Әуелбекова “Құрмет” орденімен марапатталды



Әнші Мөлдір Әуелбекова елбасыынң қолынан “Құрмет” орденін алды. Әнші сүйінші хабарды өзі мәлім етті.

“Сан түрлі музыкалық премияларда маған бірде бір награда бермейді деп ренжіп жүруші едім. Елбасымыз естіп қойды ау деймін. ҚР Тәуелсіздік күніне орай “ҚҰРМЕТ” орденімен құрметтеді. Сахнадағы 15 жылдық еңбегім бағаланды! Шүкір! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, Менің жұмыс орным Қазақконцерт ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлына алғыс! Бұл жетістігім халқымның қолдауының арқасында! Рахмееееет! Ал, құттықтай беріңіздер”, – деп жазды әнші желіде.
Әншінің өнердегі әріптестері мен желідегі оқырмандары жарыса құттықтау тілегін айтты.
Бұған дейін Әлішер Кәрімов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған еді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Әлия Назарбаева мен Ақан Сатаевтың, сондай-ақ, Тимур Жақсылықов, Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметовтың да мемлекеттік сыйлыққа ие болғанын хабарлаған едік. Елбасы қызыныңбетінен сүйіп тұрып, мемлекеттік сыйлықты табыстады.

Stan.kz

15 желтоқсан 2018 ж. 922 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930