» » » АБЫРОЙЫ АСҚАҚТАҒАН АНСАМБЛЬ

АБЫРОЙЫ АСҚАҚТАҒАН АНСАМБЛЬ

Жалағаш қашаннан өнер мен мәдениеттің ордасына айналған киелі мекен ғой. Дәстүрлі әнің, жыр-термең де, қала берді эстрадалық бағыттағы туындылар да бұл өңірдің өнерпаздарына қиын дүние емес. Бір қуаныштысы, саладағы дәстүр сабақтастығы үзілмей келеді. Сонау 1969 жылы эстрада үйірмесі негізінде қаланған «Алтын арай» вокалды аспапты ансамблі де тек Жалағаш жұртына ғана емес, жалпы өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. 1995 жылы жұмысын тоқтатқан өнер ұжымы сол уақытта ауданның мәдениет саласының дамуына серпін әкелген еді. Кейін аталған ансмбль 2014 жылы қайта құрылды. Түрлі мәдени шаралардың көркін қыздырған бұл ұжым бірнеше рет өнер ордасында өзінің тәжірибелілігін көрсете білді. Тіпті, үлкен сайыстардан да олжамен оралды.
Тізе берсек, бұл салада біздің аймақтың жетістігі көп. Бастысы, бұрынғылар салған ізді басамын деушілердің қатары қалың. Бізді осы қуантады. Жуырда «Алтын-Арай» вокалды аспапты ансамблі тағы да үлкен сайыста жақсы нәтижеге қол жеткізді. «Мереке» вокалды аспапты ансамблінің 30 жылдық мерейтойына арналған облыстық байқауда аталған өнер ұжымы үшінші орынға қол жеткізді. Аталған сайыс Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Аудан абыройын асқақтатқан ансамбль мүшелері әлі де мәдениет саласына қалтқысыз қызмет ететіндерін айтады.
– Жарты ғасырлық тарихы бар ансамбльді білмейтін жалағаштық жоқ та шығар. Осынша уақыт ішінде саладағы аға-апаларымыз көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Біз де олардың ізін жалғап жатқанымызға қуанамыз. Біздің аймақ қашаннан өнердің ордасы ғой. Бастысы, осы сөзге кір келтірмесек дейміз. Әрқайысысымыз осы өсиетті алдыңғы буыннан естігендіктен, мұны бізден кейінгілерге аманаттау парызымыз деп білемін. Қызылордада өткен сайыс та жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кіл мықтылар таңдалған өнерпаздар жарысында қатысушылар белсенділік танытты. Үлкен дайындықтың арқасында біз де жүлделі орынға қол жеткіздік. Бұйыртса, әлі талай сайыста аудан абыройын асқақтатамыз, – дейді олар.
Осыдан 5 жыл бұрын қайта құрылған өнер ұжымы мұнан кейін де көрермен көзайымына айналып үлгерді. 2017 жылы Жаңақорған ауданында өткен «Экспресс» халықтық ансамблінің 45 жылдығына арналған «Бізге қымбат әуендер» атты аймақтық вокалды аспапты ансамбльдер байқауында «Алғыс хатпен» марапатталды. Кешегі Қызылорда төрінде өнер көрсеткен бұл ұжымның мұнан басқа да жетістігі көп. Алдағы жоспарлары да жоқ емес. Қазіргі таңда ауданға танымал Баубек Ахметов, Ержан Кенжеғараев, Руслан Бурабай, Жасұлан Көпжасаров, Бақтияр Есжанов, Расул Байдулла сынды өнерпаздары бар ұжымның жылдан-жылға репертуары түрлі жанрдағы әндермен толығып келеді.

Е.ӘНУАРҰЛЫ.

13 сәуір 2019 ж. 1 158 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031