"Алла берекелі етсін": Келіншегі айтыскер Жандарбек Бұлғақовқа күтпеген тосынсый жасады
Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовтың туған күнінде жары ұл сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Бұл жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында айтыскердің өнердегі інісі Сырым Әуезхан жазды. Әріптесін жаңа жасымен құттықтай келе Сырым отбасындағы қуанышына ортақтасатынын жеткізді. Кішкентай періштеге денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, ата-анасының разылығын алатын перзент болғанын қалайтынын айтты.
«Сүйінші! Бүгін Балғынбек Имашев ағамның, Жандарбек Бұлғақов ағамның сосын өз жұбайымның кіндігін кескен күн еді. Солармен жағаласып демей-ақ қояйын, қуаныштар ерекше еселеніп Жандарбек ағамыздың үйіндегі жеңгеміз ұл туып, той үстіне той, ұл үстіне ұл, нұр үстіне нұр болып жатыр! Алла Тағала берген сыйын берекелі етсін, ал сіз сыйды берушіге шүкір етушілерден болыңыз! Перзеңтіңіз кішкентайында аяғыңызға оралатын, өсе келе қолыңызға су құятын, өмір бойы разылығыңызды іздейтін, қияметте басыңызға тәж кигізетін ұрпақ болсын!» - деп жазды Сырым Әуезхан.
Ал, қуанышы еселеніп, тағы бір мәрте әке атанған Жандарбек Бұлғақов құттықтаған барша ағайынға алғысын жаудырды. Туған күнін атап өтпейтін ақын бұл оқиғаның керемет сый болғанын да жасырмады.
«Ассалаумағалейкум! Айтылып жатқан ақ тілектеріңізге мың алғыс! Барлықтарыңызға жауап бере алмасам да, дұға-тілектеріңізге алғысым шексіз!», - деді Жандарбек Бұлғақов.
Stan.kz