ӘДЕПТІ ЕЛДІҢ БАЛАСЫ АЛЫСТАН СӘЛЕМ БЕРЕДІ
Әдеп, мәдениет – сәлемдесуден басталады. Оның мәні – ең алдымен адамның кейін-кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын ұқтыру, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғанына қуанып, шүкіршілігін жасау, ниетінің адал, таза екенін ұғындыру. Мысалы, сырттан үйге кірген кісі қандай жастағы адам болса да, отырғандарға сәлем беруі керек. Көріспегелі көп жыл болған замандас, құрдас, ағайын-туыс адамдар қауышып амандасады. Әуелі қос қолдап амандасып, сонан соң құшақтарын қайта жайып, бір-бірімен оңға бір, солға бір кеуде қағысады. Қауышып амандасу ер азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті түріне жатады. Жастар қол алысып, арқа, иық қағысып та амандасады. Қыз балалар бір-бірімен құшақтасып, сүйісіп, жай қол алысып немесе «Сәлеметсіз бе?», «Есен-саусыз ба?» деп амандасады.
Әр халықтың амандасу рәсімі, салты алуан түрлі болып келеді. Мәселен, Орта Азиядағы туысқан түркі халықтары барлық мұсылман елдеріндегідей «Ассалаумағалейкум» деп амандасады, ол «сізге Алланың нұры жаусын» дегенді білдіреді. Оған жауап яғни сәлемді алу ретінде айтылатын «Уағалейкумассалам» сөзі «Алланың рақым нұры маған бір есе жауса, сізге екі есе жаусын» дегенді ұқтырады.
Жапондар таныстарын көрген жерде қолын алдымен беліне, одан кейін иіліп тізесіне дейін апарады. Сол еңкейген қалпы мүләйім жүзбен көзін сүзіп қарайды. Жапондарда ондай тәжім етудің-басы жерге жеткенше еңкею, орташа бүгілу және сәл иілу сияқты түрі бар. Осыған ұқсас сәлем беру әдеттері біздің халықта да кездеседі. Мәселен, қазақ келіншектері қайын аталары мен жасы үлкен абысын-ажынға, үлкендерге тізесін бүгіп, оң қолын кеудесіне қойып, иіліп сәлем салады. Қарақалпақтарда осындай сәдемдесудің түрі болғанын «Алпамыс» жырындағы Гүлбаршынның қайнағасына «иіліп, бүгіліп, қол қусырып, тізесін басып сәлем берді» дегенінен көруге болады.
Ертеде Африкадағы, Орта және Кіші Азиядағы мұсылман халықтары оң қолын жүрегінің тұсына апарып тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған. Ауғандар алдымен қолын маңдайларына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Олары «басымыз аман болсын» дегені. Тибеттіктерде тіптен қызық: бір-бірімен амандасқанда оң қолымен бас киімін алып, сол қолын құлағының артына ұстап, тілдерін шығарады екен. Ерте кезде Қытайда дас-жаранмен сәлемдесудің түрі өз қолын өзі қысу болыпты. Француздар бір-бірімен маңдайынан сүйіп амандасады. Жас аменрикандықтардың сәлемі – бір-бірінің иығын қағу. Өзара мұрындарын сипасып, бірін-бірін иіскеп амандасатын халықтар да бар екен. Түріктер қол алысып сәлемдеседі. Көп көрмеген, сыйлы адамдарының қолынан сүйіп, қолын маңдайына апарады, сол маңдайларын түйістіреді.
Сәлемдесуден кейін қал-ахуал сұрасу да әдепке, көрегенділік пен естілікке жатады. Мұнда да әр халықта әр басқа қалыптасқан жора-салттар бар. Орыстар «Денсаулығың қалай» дейтін болса, ертедегі мысырлықтар «Қалай, сіз терлейсіз ба?» дейтін болған. Гректер «қуаныңыз» сөзін айтса, қытайлықтар «Бүгін тамақтандыңыз ба, қарныңыз тоқ пе?» деп сұрайды екен.
Кіндік Азия халықтарында сол жақ кеудесін оң қолымен басып, кеудесін иіп сәлемдесу қалыптасқан, одан кейін қал-жағдай сұрасатын болған. Моңғолдардың алдымен айтаныны: «Қалай көшіп жатырсың? Қалай қыстап отырсың? Малыңыз қалай?». Бұл жөн сұрасу – баршаға ортақ.
Біздің халқымызда ұзақ сапардан келген ағайынға жиылып келіп амандасу немесе алыс сапарға аттанғалы жатқан адамға жиылып барып «Жол болсын» деп тілек айту дәстүрі болған.
«Алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді» деген мақал соның айғағы.
Гүлшат БОРАНБАЕВА,
Шаған ауылы