» » » МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІНЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІНЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ


Бүгін аудандық «Иманқұл» меші­тіндегі имам ұстаздардан білім алған 15 шә­кірт діни сауат ашу курсын аяқтап, «Имани жаз – 2019» атты шараға қатысты.

Білім алушылар арасында сынақты үздік тапсырып, алған білімін көрсеткен шәкірттерге Иманқұл» меші­тінің бас имамы Айбек Мәдиев сертификат табыстады. Сондай-ақ, шәкіттердің ата-аналары да марапат төрінен көрініп, сый құрметке ие болды. Шара барысында шәкірттер Мұхаммед Пайғамбарға с.ғ.с салауат айтып, Құран-хадистерді жатқа оқыды. Сонымен бірге, оқушылар ата-ананы құрметтеуге шақыратын өлең-жырдан шашу шашты.
Шараны ашқан мешіттің бас имамы Айбек Мәдиев мешіт ұстаздарынан ілім алудың артықшылығы жөнінде тартымды уағыз-насихат айтып, дәстүрлі діни білімді тек мешіттен алу керектігін тағы бір еске салды.
– «Тәрбие басы – имандылық» деген жақсы сөз бар. Парасатты, ізгі тәрбие және тәрбиенің кемелдігі неден басталмақ? Бұл – ең әуелі баланың өз ата-анасын сыйлауы, иманды болып өсуі, жанашыр, адал, еңбекқор, кішіпейілділік секілді ізгі қасиеттерді бойға сіңіруі, есейгенде қоғамға пайдалы азамат болуы. Әдепті болу, қай кезде де текті тәрбиенің жемісін көрсету деген сөз. Салиқалы ұрпақ тәрбиелеу бағытында мешіт ұстаздары жастарға тәлім-тәрбие беріп, дәстүрлі дінімізбен сусындатып, қасиетті Құран Кәрімді оқуды үйретті. Алдағы уақытта да сауат ашу сабақтары өз жалғасын табады, – дейді мешіттің бас имамы А.Мәдиев.
Жер бетіндегі ең таза жер Мешіт қабырғасынан білім алған жастар болашақта да жаман қылықтарға жол бермесі анық. Шара соңында ұстаздар мен шәкірттер арнайы жайылған дастарқаннан дәм татып, ақсақалдар ақ батасын берді.
Н.ҚАЗБЕКОВ
04 тамыз 2019 ж. 857 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 665

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30