» » » СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫ АШЫЛДЫ

СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫ АШЫЛДЫ

Жалағаштағы кәсіпкерлік нысандары бүгін тағы бір сән салонымен толықты.
Бүгін кент орталығындағы «Әсел Берікқызы» сән салонының ашылу салтанаты өтті. Жаңадан ашылған сұлулық салонында кәсіби білікті мамандар жұмыс жасайды. Олар бет әрлеу, шаш сәндеу, қас-кірпікті әсемдеу және тағы басқа да көптеген қызмет түрін көрсетеді.
Сән салонын ашқан Әсел есімді кент тұрғыны бұған дейін біраз уақыт тәжірибелі мамандардан дәріс алып, біліктілігін шыңдады. Есесіне қазір ойға алған ісін бастап, алға қойған мақсатына жетті. Кәсіпкер қазір өзінен басқа 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олар қыз-келіншектердің талғамына сай қызмет көрсетіп келеді. Мұндағы заманауи құрылғылар да арнайы тапсырыспен алыныпты.
– Негізінен бірнеше жыл сән салонында жұмыс жасап, кейін өз кәсібімді бастадым. Бұл кәсіпке келмес бұрын арнайы курстарда оқыдым. Басқа салондардың жұмысымен таныстым. Әрдайым тұтынушы талғамынан шыға білуге жұмыс жасаймыз. Келген адамдар біздің жұмысымызға өз ризашылықтарын білдірсе, еңбегіміздің жемісі сол. Сондықтан да ең бірінші сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз, – дейді сән салонының иесі Әсел Берікқызы.
Н.ҚАЗБЕКОВ.


09 қыркүйек 2019 ж. 1 444 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930