» » » ҚУАНСА, АНА ҚУАНСЫН

ҚУАНСА, АНА ҚУАНСЫН


Әлеуметтік желіде тойда болған бір оқиғаны көріп таң қалдым. Көптің алдында өнерімен дараланған бүлдіршінге жиналған жұрт ақшамен алғысын жаудыруда. Бір сәт саябырсығанда асаба қарындасымызға «Бұл ақшаның бәрін қайда жұмсайсың?» деп сұрағанда «Кредит төлеймін» демесі бар ма! Рас, қазір елімізде бұл мәселе 3 отбасының екеуінде бар. Кейде мұның салдары әлеуметтік саланың аса төмендігінен де емес, түсініктің төмендігінен болып жатады. Мұқтаждықтан алатын адамдар да бар, десе де қарызданып, ас та төк дастархан жайып той жасайтындар да жоқ емес. Басында несиені нәсіп көріп, олжаға оңай кенелерде оны қайта өтеудегі машақатына бас қатырмайтынымыз тағы бар. Әлеуметтік салаға Үкімет те шама-шарқынша күш салып жатыр. Кешегі көпбалалы аналардың жәрдемақысын арттыру жұмыстары бұл салаға айтарлықтай серпін әкелді, оны мойындауымыз керек.
Өткен аптадан бастап көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-аналардың, жәрдемақы алатын отба­сындағы аналардың банк алдындағы қарызын өтеуге мемлекеттің қолдау көр­сететіні айтылған еді. Басында көмектің бұл түрі әрбір отбасына 300 мың тең­геден болатын. Арада 2-3 күн өткенде кө­мек­тің бұл түрі әр отбасына 600 мың теңгеге дейін ұлғайды. Банк алдындағы қарызын өтеуде көмекке қол жеткізген ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Жағымды жаңалықты біз әріптесіміз, көпбалалы ана Алтын Ізтілеуовадан естідік. Есіктен сүйіншілей енген апамыз қарызының өтелгенін айтып, қуанышымен бөлісті.
– Қалта телефоныма хабарлама кел­ген бойда рас-өтірігін анықтайын деп банкке барғанмын. Сөйтсем расымен менің қарызымды Үкімет өтеп беріпті. Бұл да болса тұрмыста тұралап тұрған кейбір мәселелерімді өзімнің шешуіме үлкен көмек болды. Қазір әлеуметтік саланы арттыруға басымдық беріліп жатыр ғой. Кешегі жәрдемақы құнының өсуі де, бүгінгі қарыздардың кешірілуі де барлық отбасына жақсы қолдау болды. Мемлекет басшысының Жолдауында эко­но­миканы нығайту арқылы тұрмыстық сапаға басымдық берілетіні айтылып еді. Әлден ондағы тапсырмалар орындалып, жемісін беріп жатқандай көрінеді. Уақы­тында қаржыдан қиналған соң несие алуын алдық. Айлығымның тең жартысын сонда төлейтін едім. Қазір енді бұл мәселеге алаңдамаймын. Елдегі қаншама отбасының басты мәселесін шешіп берген мемлекетіме алғыс білдіремін, – дейді А.Ізтілеуова.
Кейіпкеріміз асыраушысынан айырыл­ған көпбалалы ана. 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған апамыздың ұлдары әр салада жұмыс жасайды. Үлкен ұлы әскери салада ел тыныштығын күзетсе, мұнан кейінгі балалары электр торабында жұмыс жасайды. Мектеп оқитын жалғыз қызының да алға қойған мақсаты жоқ емес.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

10 қыркүйек 2019 ж. 499 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930