» » » Кәлпе рухына тағзым етті

Кәлпе рухына тағзым етті


Облыстық «Рухани Жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері өз дәуірінде ерекше қасиетімен, көріпкелдігімен дараланған тұлға, есімі елге белгілі әулие Беркінбай кәлпе Бекниязұлының рухына арнап Құран бағыштады.
Әулиелігімен қоса сирек ұшырасатын ем­шілік қасиетімен, қара қылды қақ жарар тура­шылдығымен, қайырымдылығымен дүйім жұрт­қа мәшһүр болған Беркінбай кәлпе Бекнияз­ұлы 1909 жылы Ақсу ауылы аума­ғындағы «Ақбөгет» деген жерде дүниеге келген. Кеңес заманының өзінде ел ішіне әулие, әруақты болып танылып, емшілік қасиеттерімен алдына барған талай сырқат жандардың дертінен айықтырған. Беркінбайдан бес ата ілгері өткен Сәрке, үш ата ілгері өткен Байқадам бабамыз да батыр, әрі әруақты кісілер болғанын жұрт жақсы біледі. Беркінбай атамыз да батыр тұлғалы ірі, келбетті кісі болған. Ол кісінің еңбекқорлығы, ел-жұртына деген адалдығы, қайырымдылығы жайында халық арасында жылы лебіздер көп. «Шөгірлі» көлінің ұлтанынан бас-аяғы бірер апта ішінде 40 түйеге жүк боларлық қамыс оруының өзі де көп нәрсені аңғартса керек.
Әулиенің көзін көрген қарт қаламгер Жақсылық Адамбаевтың сөзінше, кәлпе алдына келген сырқаттанушыларды дем салған маймен, сегіз өрім қамшысымен емдеген. Қып-қызыл боп балқып тұрған кетпенмен ұшықтаған деседі. Мұны ол «Кетпен ұшық» дейтін. Кәлпе туралы халық аузында небір ғажап әңгімелер сақталған. Оны Орта Азия, Кавказ мұсылмандары пір тұтқан деседі.
Беркінбай атамыз 1977 жылы қайтыс болып, өзі туып-өскен ауылының қасиетті топырағына жерленген. Қазіргі уақытта кәлпе есімі халыққа имандылық тәрбиесін беруде үлкен қызмет атқарады. Оның басына салынған төртқұлақты күмбезді кесене маңдайшасына кәлпенің көзі тірісінде қолданған дәрет құманы мен адам емдеу мақсатында пайдаланған диірмендей қара тас қойылған. Кәлпе өмірден өтсе де, оның басына келіп дұға жасаушылардың қатары азаймады. Дертіне шипа іздеген жандар әулие кісінің басына келіп, Алладан медет тілейді.
– 91 жастан асып, өмірден өткен Бекқұлы баласы Жанұлы ақсақалдың кәлпе жайында айтқан мынадай бір керемет естелігі еске түсіп отыр.
«1932 жылдары Мақтаралда бригадир болып жұмыс істеп жүргенімде түскі үзіліс кезінде Беркінбай кәлпе келді. Қарасам екі көзінен қан сорғалап ағып тұр екен. Сәлемдескеннен кейін үнсіз қалды, сөйтсем тілі байланып қалған екен. Әрі қарай түсіндіру үшін қалам, қағаз сұрады, әкеліп бердім. Түсінгенім, жанында өзімен бірге ала келген үлкендеу қап бар, оның ішінде тас бар екен. Көтерейін деп әуреленсем де қозғай алмадым. Сол тасты ол кісі базарда аспанға лақтырып, бірнеше рет қағып алған. Оны көрген милиция кәлпені ұстап, абақтыға жауып тастайды. Бірақ, қанша жапса да қамаған жерінен шығып, далада отыратын болған. Солай сегіз күн әурелеп, болмағасын шығарып жіберген екен. Одан кейін Таш­кенттегі кереметін көрдім. Келе жатқан бойда 4-5 қабат үйлерге өрмелеп шығып, қай­тадан жерге оп-оңай қарғып жүре беретін болған. Айта берсең кәлпенің кереметі көп қой» деген сөзі әлі есімізде, – дейді кәлпе сағанасындағы шырақшы Әлім ақсақал.
Міне кәлпенің осындай кереметтері мен талай жанды дертінен айықтырғаны жөнінде жақсы әңгімелер ел жадында есіп жүр.

Н.ҚАЗБЕКОВ

17 қыркүйек 2019 ж. 840 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930