Жастарға жігер берген жарқын істер
Бейсенбіде облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов жұмыс сапарымен Сырдария және Қармақшы аудандарында болды. Аймақ басшысы алдымен мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған волейболдан халықаралық турнирдің ашылуына қатысты. Айтулы шараның маңызына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Елеу Көшербайұлы – Тереңөзек, Сырдария аудандық атқару комитеттерінің төрағасы, Қармақшы, Қазалы аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары секілді абыройлы қызметтерді атқарған тұлға. Партия бюросында сынала жүріп, Қорқыт Ата кесенесін тұрғызды. Сонымен бірге халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының рухын асқақтатып, ескерткіш орнатты. Шығыс жұлдызы Ғани Мұратбаев есімін жаңғырту мақсатында мұражай салдырды. Жаңақазалыда 80 гектар жерді жасыл баққа айналдырып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға мемориал орнатты. Шығыс шайыры Фирдоусидің атақты «Шахнамесін» қазақ тілінде жырлатқан Тұрмағамбет ақын кесенесінің бой көтеруіне атсалысты. Міне, осындай ұлттық мүдде жолындағы ұлы істердің ұйытқысы болған Елеу Көшербаевтың өмір жолын жас ұрпаққа дәріптеп, есімін есте қалдыру мақсатында халықаралық турнир өткізу дәстүрге айналды, – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, бұл спорт түрінің тарихы біздің өңірден бастау алады. Волейболдан алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада, яғни, облыс орталығының астана болған кезінде өткізілді. Облыста Тұрғанбек Алтынбеков, Татьяна Қабылбековалар бүгінгі волейболдың негізін қалаған. Қазір аймақта осы спорт түрімен 28 мыңнан астам адам шұғылданса, балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстағы 16 спорт мектепте волейболмен 1517 бала айналысады. Сондай-ақ, 2017 жылы кәсіпқой «Қайсар» волейбол клубы қайта құрылды. Биыл облыстың жасөспірімдер құрама командалары волейболдан өткен ҚР күзгі және қысқы чемпионаттарында екі мәрте жеңімпаз атанса, жазғы чемпионатта қола жүлде иеленді. Сырдариялық спортшылар да осы жарыстың 12 дүркін жеңімпазы екенін ерекше атап өткен жөн. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында отырып ойнау волейболынан да облыс құрамасы жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Таиландтың астанасы Бангкок қаласында отырып ойнау волейболынан өткен Азия чемпионатында қызылордалық Ерік Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуов Қазақстан құрама команда сапында өнер көрсетіп, қола жүлде иеленді.
Турнирде Еңбек және соғыс ардагері Яхия Тасыров Елеу Көшербайұлының өнегелі өмірін жастарға үлгі етіп, естеліктер айтты.
Бұл дүбірлі жарысқа Ресей, Өзбекстан мемлекеттері мен республиканың 8 облысынан және Нұр-Сұлтан, Шымкент, Байқоңыр қалаларынан 350 спортшы қатысуда.
***
Мұнан кейін облыс басшысы Қармақшы ауданындағы ІІІ Интернационал ауылына барып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты. Кәсіпкерлік саласында жетістікке жеткен өңір жастарымен «Ауылдық елдімекендердің жас кәсіпкерлері» форумында кездесті. Жиында Қуанышбек Досмайылұлы қазір жастардың дамуына әлеует те, көрсетілетін қолдау да жеткілікті екенін жеткізді. Әсіресе, кәсіпкерлікке ынталы жастарға мүмкіндік мол екенін айтты.
– Басты мақсат – Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүйелі орындау. Алдымен ауызбіршілікті, татулықты сақтау керекпіз. Өйткені, ынтымақ болмай, ешқандай іс өнбейді. Екінші – өңірді индустрияландыру. Жаңа өндіріс орындарын ашу, жер асты қазбаларын пайдаға жарату, инвестиция тартып, өнеркәсіпті нығайту. Тиісінше, кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Осы бағытта барлық ауданды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен таныстым. Қазір жұмыссыздықты азайту, бизнесті дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар жемісті жүзеге асуда. Жастар кәсіпкерлігін дамытуға да ерекше назар аударылуда. Жүйелі жұмыс оң көрсеткішке бастап келеді. Соның нәтижесінде өткен жылы Қырымбек Елеуұлы Елбасының қолынан бизнесті жүргізуге жағдай жасаған ең үздік аймақ номинациясы бойынша «Алтын сапа» сыйлығын алды, – деді аймақ басшысы.
Бұдан бөлек, форумда жауапты сала басшылары табыстың шыңына шығу жолын көрсетіп, «Бизнесті ең төменгі капиталмен қалай бастауға болады?» деген сауалдарға жауап берді. Спикерлер жеке ісін бастағысы келетін жастарға қарастырылған мүмкіндіктерді, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясындағы несие және мемлекеттік грант алу жолын түсіндірді. Форум барысында Шиелі ауданынан «Самғау» оқу орталығын ашқан жас кәсіпкер Мөлдір Дүйсенова мемлекеттік қолдаудың тиімді тұсын, табысқа жету жолындағы қиындықтары мен жетістіктері жайлы әңгімеледі. Бар жігерін білімге арнап, ғылымға ден қойған талантты жастың еңбегі нәтижесіз емес.
– Мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін АҚШ-тың Филадельфия қаласында білімімді жетілдірдім. Елге оралғаннан кейін тіл үйрету курсын ашуды мақсат еттім. Ойым мемлекет ұсынған мүмкіндік аясында іске асты. Қазір ауданның кез келген тұрғынына Оксфорд методикасы бойынша ағылшын тілін үйретемін. Бұдан бөлек, біздегі ұстаздар Назарбаев зияткерлік, білім инновация, Дарын мектептерінде білім алғысы келетін шәкірттерді дайындайды. Жаңа ғимаратқа көшкелі шәкірттерді Ұлттық бірыңғай тестке әзірлеуді де қолға алдық. Орталықта көпбалалы, тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушылар тегін оқиды. Оларға демеушілік көрсететін кәсіпкерлердің саны артып келеді, – деді М.Дүйсенова.
Форумда жұмсақ жиһаз дайындаумен айналысатын аралдық кәсіпкер Лесхан Смайылов та мемлекеттік қолдау жайын тарқатып айтып, істі ілгерілетуде шеберлік сыныптары мен семинарлардың көмегі көп болғанын баяндады. Форумның жаңа, қызықты идеялармен танысуға мүмкіндік бергенін, мұны көрген басқа да замандастар осындай жетістіктерге талпынарына сенім білдірді.
Жиын қорытындысында еңбегімен ерекшеленіп, креативтілігімен көзге түскен бірқатар жас кәсіпкер облыс әкімінің Алғыс хатымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Марапаттау рәсімінен кейін қатысушылар сәндік-қолданбалы көрмеге келіп, он саусағынан өнер тамған шеберлердің бұйымдарымен танысты.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ,
Суретті түсірген: Б.ЕСЖАНОВ.