» » » Өр Алтайдағы «жұмбақ пирамида» әлі зерттелмей тұр - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Өр Алтайдағы «жұмбақ пирамида» әлі зерттелмей тұр - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Тарихтың қатпарлы сыры жасырынған «Үшкөлге» барғанда - «Алтай ақпарат» сайты Алтай тауының баурайында орналасқан Шіңгіл ауданының Үшкөл жайлауына әр жолы ат басын бұрған сайын, бұл жердің талай тарлан тарихтың сырын бүгіп жатқанын аңғарасыз, - деп жазады altxw.com сайты.
«Үшкөл - Шеткікөл, Ортакөл, Шұбаркөл деп аталатын үш жайлаудың ортақ атауы. Табиғат ананың мейірі түскен Үшкөл - ашық аспан, мөлдір сулы, таза ауасы жанға жайлы мекен. Осындағы талай жанның таңдайын қақтырған, тарихтың қатпарлы сыры жасырынған жұмбақ қорым, алыс-жуыққа «Хан мазары» деген атымен әйгілі. Назарларыңызға осы көркем табиғат көрінстерінен фоторепортаж ұсынамыз», - деп жазады «Алтай ақпарат» сайты.
Айта кетейік, «Хан мазары» аталған алып қорым Қытайдың Алтай аймағы, Шіңгіл ауданының Үшкөл жайлауында орналасқан. Белгісіз дәуірдің құпияға толы, сырлы ескерткіші үш қабатты шеңбермен қоршалған. Қорымның диаметрі 200 метрден астам, биіктігі 20 метр. Яғни, 4-5 қабатты үймен қарайлас, тастан үйілген алып құрылыс көз алдыңызға келеді. Маңайында балбалдар мен бұғытастар көптеп ұшырасады. Тағы бір таңғаларлығы - осы алып қорымның үстіне шығуға арнап жасалған, айналма қабырға жол да бар. Сондай-ақ, қорымның айналасы сумен қоршалып, табиғи қамал түрінде болуы да өз алдына бір құпия...
Біз бұл тарихи қорым туралы ҚазАқпарат сайтында бұрындары жарияланған «Алтай тауындағы «Жұмбақ пирамиданың» құпиясы қашан ашылады?» атты мақаламызда кеңірек тоқталып, деректі мәліметтер ұсынған болатынбыз.

06 қазан 2019 ж. 520 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930