ТАУ КӨТЕРГЕН ТОЛАҒАЙ
Бала күнімізде қазақтың қабырғалы қаламгері Әбділда Тәжібаевтың "Толағай" поэмасын сүйсіне оқитынбыз. Дастандағы елдің қамын ойлаған ердің ерлігі талайды тәнті етеді. Бүгінде поэма желісімен мультфильм түсірілді. Балаларға арналған базарлықта көркем шығарманың мәні ашыла түседі.
Осы мультфильмді көріп отырған балаларым: “Өмірде Толағай деген алып адам болған ба?” деп сұрады. Өзім оқиға желісімен жақсы таныс болғаннан соң, жырдағы оқиғаны қазақ батырларымен салыстыра отырып баяндадым. Әңгімелеп отырып “Ол қайда өмір сүрген?”, “Мүмкін, қиялдан туған кейіпкер ме?” деген сұрақтарға жауап іздеуге тура келді. Өмірде болмаған дейін десең, «Толағай тауы» деп аталған аймақ еліміздің бірнеше жерінде кездеседі. Ал, қазақ жұрты жер-суға атау берерде барлығын өмірмен, табиғатпен байланыстыратыны белгілі. Сондықтан да, таудың түсіне қарап Алатау, Ақтау, Қаратау, Көкшетау атап жатады. Бірнеше елді басып өткен алып өзенді дария деді. Елге қорған болған батырлар мен от ауызды, орақ тілді билердің атымен ауылдарды атады. Мүмкін, Толағайдай алып батыр шын мәнінде өмірде болған шығар, қайдан білеміз? Халық тауды кез келген адаммен байланыстыра бермейді. Ол соған лайық болуы шарт. Дегенмен, тау деген қолтықтап кете беретін дүние емес. Бәлкім, елі мен жеріне қорған болған, талай қиындықта халықтан көмегін аямаған Толағай есімді адам өмір сүрген шығар?! Жұрт құрмет тұтқан соң тау атауын сол кісінің есімімен байланыстырған болуы мүмкін.
Географиялық мәліметтерге сүйенсек, Қарағанды облысының Жаңаарқа аймағы мен Жамбыл облысында кішігірім Толағай аталатын тау кездеседі. Сондай-ақ, Семейдегі Тарбағатай тауының етегінде қоныс тепкен Көкпекті деген аудан бар. Сол аймақта Тарбағатай тауының сілемінің бірі Толағай аталады екен.
Қаншама ұрпақтың жадында жатталып қалған әйгілі әпсана М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.
Енді оқиға желісіне кезек берейік. Баяғы бір заманда қазіргі Толағай тауы орын тепкен аймақта құрғақшылық болған көрінеді. Тосын мінез танытқан табиғат жұртты әбігерге салады. Су болмаған соң, қуаңшылық орын алып, мал жейтін шөп те шықпайды. Көпшілік қуаңшылықта аштыққа ұшырап, қиындыққа душар болады. Сол кезеңдерде Саржан деген аңшының Толағай есімді ұлы Алтай тауынан бір сілемді көтеріп орман-тауы, өзен-көлімен қоса арқалап жүре беріпті. Алайда, діттеген мекеніне жете алмай, мәңгілік таудың астына қалып қойған екен. Содан кейін жаңбыр тоқтамай жауады. Халық та қиындықтан құтылады. Ел аузындағы аңыз осылай баяндалады.
Біз мысалға алған бір ғана жырдың өзінде жас ұрпақ тәлім алатын қаншама дүние жатыр. Оның мәнісін түсінген аниматорлар балаларға тамаша тарту жасаған. Ұрпағым халқын сүйетін азамат болсын дейтін әрбір ата-ана балаларына осындай дүниелерді көрсетіп, ұлттық қаһармандарды үлгі еткені абзал.

А.БЕК.