» » » Мирас» кеңес мүшелері Жалағашқа келді

Мирас» кеңес мүшелері Жалағашқа келді

Мирас» аймақтық кеңес мүшелері Жалағаш ауданында Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңес мүшелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу мақсатында Жалағаш ауданына келді.
Кеңес құрамында Қызылорда облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы, топ жетекшісі Ибраев Уалихан Серікұлы, Қызылорда қалалық өнер мектебінің директоры, топ мүшелері Жәрімбетов Қайрат Тыныштықұлы және «Акмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Бихожаева Сәрсенкүл Бәйдешқызы қатысты. «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева ашып, жүргізіп отырды.
Іс-шара барысында Уалихан Серікұлы аудан тұрғындарына мемлекет басшысының Жолдауы аясында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде талқылаумен бастады. Жиында «тәрбие басы-тәртіп» демекші өскелең ұрпаққа ақыл кеңестерін айта кетті. Отырыс аудан тұрғындарымен пікір алмасып, сұрақ – жауап жүргізілді. Кент тұрғыны Руслан Оспанов жолдауда жолданған мүгедектерге арналған көмек туралы халыққа толық қанды айтып беруін сұрады. Топ мүшесі Сәрсенкүл Бәйдешқызы мүгедектерге арналған әлеуметтік көмектің жыл сайын бергілі бір пайызға көбейетінін айтып мемлекет тарапынан мүгедек жандарға қолдау көрсетіп жатқанын тілге тиек етті.
Сонымен қатар шара соңында Қайрат Тыныштықұлы «нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ -домбыра»- деп қолына домбырасын алып тұрғындарға көңіл-күй сыйлай білді. Ал ардагер аталарымыз болса осындай шаралардың көптеп болуын қолдайтынын айттып отырысты қорытындылады.
11 қазан 2019 ж. 779 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930