» » » БҮГІН ӘБДІЖӘМІЛ НҰРПЕЙІСОВ 95 ЖАСҚА ТОЛДЫ

БҮГІН ӘБДІЖӘМІЛ НҰРПЕЙІСОВ 95 ЖАСҚА ТОЛДЫ


Жазушы, публицист, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әбдіжәміл Нұрпейісов бүгін 95 жасқа толды.
Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылдың 22 қазанында Қызылорда облысының Арал ауданы Құланды поселкесіндегі Үшкөң ауылында дүниеге келген. Ол қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері.
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1942 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін әскерге шақырылып, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қысқа мерзімді курстарды бітіргеннен кейін Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курлянд плацдармындағы шайқастарға қатысты.
XX ғасырда қазақ әдебиетіне мол үлес қосқан суреткер – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы, басқа да шығармалары отыз шақты шетел тіліне аударылып, ұлттық әдебиетімізді дүниежүзіне танытып, әлем әдебиетшілері қасқа-жайсаңдарының үздік бағасына ие болды.
Жазушының ерен еңбегі елдің, мемлекеттің жоғары бағасына ие болды. Жазушы ретінде «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», Қазақстан мемлекетінің «Отан» орденімен марапатталған. Ол – СССР Мемлекеттік сыйлығының иегері.


Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

22 қазан 2019 ж. 619 0