БАЛАЛАР ШАТТЫҒЫ

       Дәл осы мезгілде барлық балабақша бөбектері «Алтын күз» байқауын өзіндік сән-салтанатымен атап өтеді. Жуырда М.Шәменов ауылындағы «№18 бөбек» бөбекжай-бақшасындағы тәрбиеленушілер де аталған мерекені тойлады.
      Ең әуелі мерекелік жиында  балалар әуезді әуенмен залға кіріп, хормен күз туралы әнді орындады. «Айгөлек» тобы ертегілер тақырыбында өз өнерлерін көрсетіп, жиналған жұрттың қошеметіне бөленді. Онда күз бейнесі мен қоян, түлкі кейпінде ертегілер желісін сахналап, көпшілікті тәнті етті.
     – Шара барысында тәрбиешілер Гүлістан Дүйсенова, Айгүль Ахметова және музыкалық жетекші Сандуғаш Аяғанова жүргізушілік әрі педагогикалық қабілетінің жоғары екендігін көрсетіп, ата-аналардың ризашылығына бөленді. Мерекелік жиын соңында балабақша басшысы Сұлушаш Кужбанова балаларды мерекесімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Балаларды шаттық бөлеген балабақша тәрбиешілеріне өз ризашылығымды білдіремін, – дейді ата-ана Жадыра Ермаханова.

«ЖЖ» ақпарат
20 қараша 2019 ж. 592 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930