Пайғамбар өмірге келген ай
Бүкіл әлемді жаратқан Алла Тағалаға сансыз мақтаулар, соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед салаллаһу әлейһи уасалламға Алланың сәлемі болсын! Әмин!
Құрметті мұсылман бауырлар! Қадірлі жерлестер!
Күллі мұсылман әлемінің асыға күткен қасиеті мерекесі – Мәуліт айы құтты болсын! Әрбіріңіздің шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға тыныштық, жұмыстарыңызға табыс тілей отырып, барша әлемнің Жаратушысы Алла Тағала егеменді еліміздің болашағын жарқын, көк байрағымыздың әрқашан биік болуын нәсіп етсін дегім келеді.
Адамзат тарихында ең ұлы-сүйікті Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.а.с) дүниеге келген мәуліт күні жөнінде Аллаһ тағала Құран Кәрімде «Ей, адамдар! Сендерге тауқыметке ұшырасаңдар – Оған ауыр тиеді. Ол сендердің тура жолда болғандарыңды қалайды, мүміндерге құштар, өте жанашыр» («Тәубе сүресі,» 128-аят), – деген. Ол Құрайыш тайпасынан, оның ішіндегі Бани һашим әулетінен шыққан. Туған жері – дініміз үшін ең қасиетті орын саналатын һәм Аллаһ тағаланың нұры жауып тұратын Мекке қаласы. Әкесінің аты Абдуллах, оның әкесі Әбдүлмүттәліп, оның әкесі Һашим, оның әкесі Абдулманап. Анасының есімі Әмина. Пайғамбарымыз ата-анадан жалғыз. Өйткені, әкессі перзенті өмірге келмей тұрғанда дүние салған, анасынан да пайғамбарымыз 6 жасында айырылған. Мұхаммед (с.а.с) Исадан (ғ.с) милади жыл санауы бойынша, Рабиул-әууал айының 12-сі, дүйсенбі күні дүниеге келген.
Мәуліт – араб сөзі, қазақша туған күн деген мағына. Бұл атау Аллаһ тағаланың ең сүйікті пендесі, Адамның (ғ.с.) Иса (ғ.с) пайғамбарға дейінгі Алла тағала елшілерінің соңғысы әрі сардары Мұхаммедтің (с.а.с.) дүниеге келуінің құрметіне берілген. Сондықтан да әр жылы Рабиул – әууал айында Аллаһ тағала өзінің сүйікті пайғамбары Мұхаммедтің (с.а.с.) үмметі етіп жаратқанына сансыз шүкіршілік етіп, Оған (с.а.с.) салауаттар айтып, Мәулітті Ислам әлеміндегідей мерекелеу бізде де дәстүрге айналып келеді. Мұсылмандар бір істі жақсы деп санаса, ол іс Алланың алдында да жақсы. Себебі хадис-шарифте (с.а.с.): “Мұсылмандар жақсы көрген іс, Алла тағала алдында да жақсы болады”,- делінген имам Ахмад риуаятында.
Жүнайд Бағди: «Кімде-кім Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мәулітіне қатысып, оны ұлықтаса ол шынында да иманды» – деген.
Хасан әл-Басри (р.а): «Менің Ухуд тауындай алтыным болса, оны Пайғамбарымыздың (с.а.с.)мәулітін оқытуға жұмсаған болар едім» – деген. Жалалуддин ас-Суюти (р.а.): Бір үйде немесе мешітте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мәуліті оқылса, сол үйдің немесе мешіттің адамдарын періштелер қоршап алады, олардың барлығына Аллаһ тағаланың рахметі жауады және үйіне нұрмен оралады. Себебі періштелер Пайғамбарымызға (с.а.с.) мәуліт оқығаны үшін ол адамға салауат айтып тұрады деді.
Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айтудың артықшылығы жөнінде хадис-шәріпте (с.а.с.): «Қиямет күні маған ең жақын адам – Маған ең көп салауат айтқаны» (Имам Термизи). «Қасында Менің атым аталып, Маған салауат айтпаған адам – анық сараң» (Имам Термизи).
Бұл айда атап өткізудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың іс-әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдылыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтауға шақыру.
Ұлы Алла Тағала барша ниеттеріміз бен тілектерімізді қабыл етсін! Әмин!
Айбек Мәдиев,
“Иманқұл” мешітінің бас имамы