» » » ҰЛТ БОЛЫП ЖАҢҒЫРУДЫҢ ҰТЫМДЫ ТҰСЫ

ҰЛТ БОЛЫП ЖАҢҒЫРУДЫҢ ҰТЫМДЫ ТҰСЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында биыл ұлы ақынның 175 жылдығы жоғары деңгейде атап өтілетінін және мерейтой тек той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді дамытуға оң әсерін беру қажеттігін айтқан болатын. Тың туындыда Қ.Тоқаев Абай шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы былтыр жақсы бастама болғанын тілге тиек етіп, биыл бұл бастаманы жаңғырту қажеттігін назарға салды.

Руханият, тарих, әдебиет белгілі бір салаға бөлінбейді. Бұл – біздің ортақ байлығымыз. Сондықтан оны терең меңгеруге баршамыз міндеттіміз. Ләйлім сіңіліміз бастаған бұл эстафетаны біз де қолдаймыз. Біздің бұл бастамадан алар тағылымымыз мол. Себебі мұнда тек Абай шығармаларын жатқа оқумен шектелмей, оның мазмұнымен таныса отырып, ой-өрісімізді дамыта түсеміз.
Жалпы бұл мақаланы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жалғасы десек те болады. Себебі қос туынды да рухани ой-өрісті кеңейтуді көздейді. Мемлекет басшысы бұл мақалада ұлттық жаңғырудың ұтымды тұсы ұлы ақын еңбектерін басшылыққа алып, бір мәрте ой елегінен өткізу деп санайды. Расында автор шығармалары осындай жоғары бағаға толық лайық деп есептеймін. Сондықтан алдымен Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауға басымдық беруіміз керек. Себебі ол және оның шығармалары тұтас ұлт болып үлгі алуға лайық. Сондықтан алдағы мерейтойдан алар тағылымымыз да мол болуы керек.


Ұлмекен МЕҢДІБАЕВА,
аудандық кітапхананың директоры
09 қаңтар 2020 ж. 512 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930